Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтын құрсақты аналар өз таңдауларын жасады

Алтын құрсақты аналар өз таңдауларын жасады

Бүгін еліміз үшін маңызды тарихи сәт – Президент сайлауы. Үрмәш Түктібаев елді мекенінде тұратын Алтынбаевтар отбасы 2 жастан асқан үшем қыздары Айғаным, Айғанат, Асылыммен бірге сайлау учаскесіне ертелетіп келіп, өз таңдауларын жасады.
- Мен 8 сегіз баланың анасымын. «Алтын алқа» иегерімін. Бүгін өз учаскемізге отбасымызбен бірге дауыс беруге келдік. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмай саяси науқанға қатысуға тиістіміз. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жиі көңіл бөлінеді. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық, - дейді алтын құрсақты ана Айгерім Махамбетжанова.
Сондай-ақ, таңертеңмен Жақыповтар отбасы да Шапағат пен Толағай есімді егіз қыздарымен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді.
- «Егіздер ауылы» атымен танымал біздің ауылда 26 егіз, 1 үшем дүниеге келген. Көп балалы ана ретінде мемлекет қамқорлығын көріп келеміз. Сондықтан саяси науқаннан, қоғамдық бастамадан тысқары қалмауды шешіп, сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасадық, - дейді Бағдагүл.
Саяси науқанда белсенділік танытқан үшемдер мен егіз балалардың ата-аналарына биылғы «Балалар» жылына орай сайлау учаскесінде естелік сыйлықтар табысталды.
Елді мекендегі №88 орта мектепте орналасқан сайлау учаскесі талапқа сай дауыс беру жәшіктерімен, қажетті ақпараттық матеиалдармен, техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дауыс беру пункті жергілікті уақытпен сағат 7.00-де ашылып, өз жұмысын бастады.
- Сайлау учаскесіне 1025 сайлаушы тіркелген. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Дауыс беруге жалғыз да, отбасыларымен де келіп жатыр. Солардың ішінде үшемдер мен егіз балаларды дүниеге әкелген ата-аналар Қуаныш пен Әйгерім, Таңат пен Перизат та бар, - деді №68 сайлау учаскесінің төрағасы Қуандық Қожалепесов.
Сонымен қатар, аталған сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесіне жергілікті байқаушылар бақылау жүргізуде.
#Сайлауғабардым
#Елімүшінтаңдау
#Президентсайлауы2022
#Қазалыауданы
20 қараша 2022 ж. 196 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 46

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930