Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түлектерге диплом табысталды

Түлектерге диплом табысталды

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде «Сәт-сапар, ақ жол, жас маман!» атты бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті.

Жиынды колледж директоры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Темірбек Исмайлов ата-аналар мен түлектерді құттықтап, үлкен өмірге басқан қадамдарына сәттілік тіледі.

Биыл аталған оқу орнын «Ветеринария», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Пісіру ісі», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету», «Жол құрылыс машиналарын жөндеу және пайдалану» және «Ауылшаруашылық техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» топтарынан 143 түлек бітірді. Олардың алтауы үздік дип­лом иегері атанды. Бітіру кешіне Қазалы қаласының әкімі Р.Ізтілеу, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Көләнов, ардагерлер кеңесінің мүшесі Е.Жанпейісов, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Е.Аймаханов, Қ.Нұр­ма­ханов атындағы №95 орта мектептің директоры О.Махам­бетов, «Сыр маржаны» ЖШС директорының орынбасары Т.Бөрі­құлақов, Қазалы аудандық вете­ринариялық стансасының директоры Б.Әміреев, ау­дандық ветеринариялық лабора­то­рия­сының басшысы Қ.Манабаева, «Қазалысушар» мекемесінің директоры И.Мүсіров, «Феникс» ЖШС директоры Б.Нарымбетов және колледж ардагерлері қаты­сып, жас мамандарға диплом тапсырды.

Екінші курс студенттері Арыстанбек Қабылша, Майра Әбдіразақ және Оңталап Рахманберді аманат туды салтанатты түрде қабылдап алды. Бұнан соң колледж әкімшілігі тарапынан ата-аналарға Алғыс хат табыс етілді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ

30 маусым 2019 ж. 1 692 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930