Университет түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті
25 маусым 2018 жылы Студенттер сарайында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика және ақпараттық технологиялар» факультетінің «Ақ жол, бітіруші түлектер!» атты диплом тапсыру кеші өтті. Оған университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов, оқытушы-профессорлар, бітіруші түлектер, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.
«Экономика және ақпараттық технологиялар» факультеті өзінің білім беру қызметін «Қаржы», «Мемлекеттік жергілікті басқару», «Әлеуметтік жұмыс», «Есеп және аудит», «Информатика», «Экономика» мамандықтары бойынша білікті мамандар даярлайды. Биыл «Экономика және ақпараттық технологиялар» факультетін 53 магистр, 120 бакалавр бітіріп, оның 31-і үздік диплом иегері атанды.
Салтанатты кеште университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов бітіруші түлектерді құттықтап, диплом табыстады. Университет қабырғасында үздік оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін бірнеше түлек университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.
Кеш барысында оқу - тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор, физика математика ғылымдарының докторы, профессор Б.Ж.Абдикаримов, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, а.ш.ғ.д. И.А.Таутенов және Экономика және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы, Phd докторы М.Ж.Айтимов бітіруші түлектерді құттықтап, диплом табыстады. Студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы Ш.Қаратайұлы түлектер арасында университетте ұйымдастырылған қоғамдық іс-шараларға қатысқан бітіруші белсенді жастарды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Экономика және ақпараттық технологиялар» факультетінің «Ақ жол, бітіруші түлектер!» атты диплом тапсыру кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.