Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асуларды алады жастар әлі

Асуларды алады жастар әлі

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты бітіруші түлектердің диплом алу салтанаты өтті. Бұл жиынға қадірлі қонақтар, ұстаздар, ата-аналар жиналды. Кеш жас мамандардың сахналауындағы композициялық көрініспен басталды.
Биылғы жылы колледжде «Ветер­инария», «Тамақтандыруды ұйым­дастыру», «Пісіру ісі», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғылар мен вентиляцияны монтаждау және пайдалану», «Ауылшаруашылық машиналарына техникалық қызмет көрсету» мамандықтарын меңгерген 212 жас қолына диплом алды.
Сонымен бірге, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы туралы айтқан болатын. Бұл жоба «Баршаға арналған тегін кәсіптік білімді енгізудің жол картасы» мен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыр­ылуда. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шарттарына сәйкес колледжде 3 топ білім алып, биыл алғашқы түлектері бітірді.
Бітіру кешіне арналған салтанатта аталған оқу орнының үздік түлектері Мемлекеттік Ту, Елтаңба және кітапты ұстап, сахна төріне көтерілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалды. Колледж директоры, кәсіптік білім беру ісінің үздігі Темірбек Исмайлов және түлектерге сәт сапар тілей келген қонақтар ізгі ниеттерін жеткізді.
Колледж жыл сайын материалдық-техникалық базасын жаңартып отырады. Ұйымшыл ұжым кәсіптік шеберлік конкурстарына жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатында жеңімпаз атанған жас мамандар мен белсенді білім алушылар марапатталды.
Шарада ата-аналар да ұл-қыздарының болашағына бақыт тілеп, колледж ұжымына алғысын жеткізді. Өз кезегінде директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Арман Мусаев ата-аналарға Алғыс хат табыстады.
Биыл колледжді бітірген оқу үздіктері ізбасарларына аманат туын салтанатты түрде тапсырды. Бітіру кеші студенттердің қоштасу әнімен аяқталды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

26 маусым 2018 ж. 1 637 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930