Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібінде – маңызды мәселелер

Күн тәртібінде – маңызды мәселелер

Аудан әкімдігінде өткен мәжілісте маңызды мәселелер талқыланды. Мәжіліс бас­талмас бұрын аудан басшысы Мұрат Ергешбаев кадрлық өзгерістермен таныстырды. Аудан әкімінің өкімімен Мәулен Қайруллаев Арықбалық ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы, Нұрлан Толыбаев аудан­дық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Әкімдік мәжілісінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жайы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали, ауданда бұқаралық спортты дамыту мәселелері жөнінде дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов баяндады. Білім бөлімінің басшысы Бектұр Қалидың айтуынша, Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығына биылғы жылы жергілікті бюджеттен 29 млн 452 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осы жылы лагерьде 7 ауысымда 875 бала демалады. Бұнда 13 үйірме тұрақты жұмыс істейді. Алты ауысым кезінде аз қамтылған және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларын демалдыруға жергілікті бюджеттен 7 млн 920 мың теңге қаржы бөлінген. Демеушілік арқылы ақылы түрде 270 бала демалдырылса, арнайы бір ауысым білім саласы кәсіподағы комитетінің жолдамасымен барған мұғалімдердің 125 баласына арналады. Бір балаға жолдама құны – 16 500 теңге. Бұдан бөлек 1889 оқушы мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінде, 875 бала «Шағалада», 775 шәкірт әр түрлі деңгейдегі қала сыртындағы тынығу орындарының қызметін пайдаланады.
Өткен жылдары балаларды «Шағала», Арал ауданындағы «Қамбаш», Бурабай қаласындағы «Лесная сказка», Жаңақорғандағы «Талдысу», Шымкенттегі «Машат» лагерлерінде демалдыру үшін «РЗА» АҚ, «Сыр маржаны», «Бақыт», «Игілік», «Намыс-Құрылыс», «Мереке» серіктестігі демеушілік жасаған. Сонымен қатар қазіргі таңда «Өскен ауылыма, қалама, туған жеріме сүйіспеншілік» ұранымен «Мен балалар демалысын ұйымдастыруға үлесімді қосамын» атты демеушілікке тарту акцияларын ұйымдастыру қолға алынған.
Бұдан кейін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Дархан Шәкеннің жаз мезгіліндегі оқыс оқиғалардың алдын алу және қауіпсіздік шаралары, мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұлдызхан Ерқосаевтың ауданда салық базасын ұлғайту мәселелері, ветеринария бөлімінің басшысы Сапарбек Қуатовтың ветеринариялық ахуалдың жағдайына байланысты хабарламалары тыңдалды.
Басқосуды қорытындылаған аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселелерден нақты қорытынды шығаруды тапсырды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
21 мамыр 2019 ж. 1 363 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930