Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімдігінде аппарат мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінде аппарат мәжілісі өтті

Кеше Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті.
Күн тәртібінде негізінен бес мәселе қаралды. Мәжілісте сөз алған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Жарылқап 2018 жылдың І жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады.
Екінші мәселеде Қазалы ауданының білім бөлімінің басшысы Б.Қали 2018-2019 жаңа оқу жылына білім беру мекемелерінің дайындығы туралы хабарлама оқыды.
Келесі қаралған мәселелер бойынша қаржы бөлімінің басшысы А.Аманов бюджеттің игерілуі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Т.Бөріқұлақов жұмыспен қамтудың кейбір мәселелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Темірбаев аудан бойынша «Oтау TВ» ұлттық цифрлық телеарнасына қосылу жұмыстарының ұйымдастырылу барысы жөнінде хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
15 тамыз 2018 ж. 1 324 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031