Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі талқыланды

Қазалыда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі талқыланды

Қазалы аудандық сотында «Отбасылық сот» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сот төрағасы Д.Мұратбекұлы, аудандық мәдениет, білім, ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері, психологтар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты- «Отбасылық сот» пилоттық жобасында ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу жолдары қандай болатынын талқылау.

Іс-шараны ашқан сот төрағасы Д.Мұратбекұлы қатысушыларды «Отбасылық сот» пилоттық жобасымен таныстырып, Қазақстандағы отбасылық соттарды құруға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған мақсаттар мен міндеттерге назар аударды. Төраға сондай-ақ, отбасы және балалармен жұмыс істейтін барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар бір-бірімен өзара іс-қимылды нығайтуға, психология мен конфликтология саласындағы өз білімдерін кеңейтуге және отбасы институтын нығайтуға бағытталған әлеуметтік жобаларды дамытуға тиіс екенін атап өтіп, қатысушылардың назарын некені бұзу туралы азаматтық істердің көбеюіне аударып, кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік және қылмыстық істерді мейлінше азайту үшін алдын-алу шараларын көбейтуді, отбасыларға тегін бастапқы психологиялық көмек көрсету, оларды сақтау және отбасылық өмірдің құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігін айтты.

Іс-шара барысында мамандардың кәсіби деңгейін көтеру, отбасылық мәселелерді шешумен айналысатын психологтар, балаларды қорғау, сотқа дейінгі сатыда дауды шеше алатын және отбасылық даулар бойынша сапалы кеңес беру үшін шаралар өткізу туралы ұсыныстар енгізілді.

Содан соң сот төрағасы қатысушылардың назарын дауларды келісу комиссияларымен сотқа дейінгі реттеудің өзектілігіне, сонымен қатар кәсіподақ өкілдерін шақырумен еңбек дауларын қарау тәжірибесіне тоқталып өтті.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
03 сәуір 2019 ж. 1 685 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031