Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот пен медиаторлар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сот пен медиаторлар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Қазалы аудандық сотында, сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы мен «Бітім» Медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Ләззат Бақтыбаева өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі болып өтті.
Іс-шараға Қазалы аудандық сотының төрағасы Дидар Мұратбекұлы, «Бітім» медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры Ләззат Бақтыбаева, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова, кәсіпқой медиаторлар мен БАҚ өкілдерінің қатысты.
Кездесу барысында Д.Мұратбекұлы аудан көлемінде бітімгершілік рәсімдерін насихаттап, сот процесінде тараптарға дауды медиация тәсілімен шешу құқығын түсіндіруге бағытталған жұмыстардың қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Басқосуда сөз алған Л.Бақтыбаева дауды сотқа дейін реттеудің маңыздылығына мән бере отырып, қатысушыларға «Бітім» Медиаторлық орталығында, медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқудан өткен медиаторларды таныстырды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
11 сәуір 2018 ж. 3 493 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 152

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031