Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасылық құндылық – ұлттық негіз қайнары

Отбасылық құндылық – ұлттық негіз қайнары

Аудандық орталық кітапхана мен Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасылық құндылық – ұлттық негіз қайнары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Жиынның мақсаты – еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтарын берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру, “Отбасы күні» осы ұлағатты мұраларымызды нығайтып, жұбайлық өмірдің жауапкершілігін балаларға, аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіру.
Мерекелік шараға облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың кітапханашысы Пернегүл Қошқарова, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Нұрқазы Нәлібаев, КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі Гүлжаһан Шалболова, ардагер ұстаз Ұлдай Рашева, ардагер кітапханашы Жеңіс Махамашов қатысып, студенттер мен мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары тұшымды пікірлерін ортаға салып, отбасынан алған тәрбиелік мәні бар тағылым аларлық әңгімелерімен бөлісті.
Шара барысында аудандық мәдениет орталығының музыкалық жетекшісі Жәнібек Құтмаханов, №276 орта мектептің оқушысы Аделя Бақытжанова қазақтың қара домбырасынан күмбірлете күй төгіп, термелете ән шырқады. Сонымен қатар бірінші топ көз мүгедегі Серік Ерболатов әуелете ән айтып, көпшілікті бір серпілтіп тастады.
Кешті аудандық орталық кітапхананың оқыр­мандарға қызмет көрсету бөлімнің меңгерушісі Зоя Мұстафаева қорытындылап, қатысқан кітапхана қонақтары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы сыйлықтар табыстап, белсенділік танытқан жалынды жастарға алғысын білдірді.
Мәдени шараға байланысты «Отбасы – ал­тын діңгек» тақырыбында кітап көрмесі ұйым­дастырылып, бейнекөрсетілім арқылы отба­сының құндылығы кеңінен насихатталды.

Ақгүл СЕРІКҚЫЗЫ,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы
14 қыркүйек 2018 ж. 2 558 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930