Сот төрағасы студенттермен кездесу өткізді
Қазалы аудандық сотының ұйымдастыруымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасының аясында «Мен отбасын құруға дайынмын ба?» тақырыбында Қазалы көлік-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы сот жүйесінде орын алып жатқан жаңалықтарды, оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялар туралы айтып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында, студенттерге отбасы құндылықтары, оның ішінде неке және отбасы, жастары кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау үшін қолданылатын шараларға тоқталып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгімені өрбітті. Сондай - ақ, сот төрағасы «қазіргі таңда аудандық сотта қаралатын істердің көбі отбасылық қарым-қатынастан туындайтын даулар, болашақта осы санаттағы істерді отбасылық соттың соттылығына беру туралы мәселе қарастырылып жатыр» деді.
Кездесуге қатысушы студенттер тарапынан сот төрағасына өзекті сұрақтар қойылып, жауаптар алынып, жоғарыда аталған тақырып бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында қатысушылар отбасын құру үлкен жауапкершілік жүктейтінін, көп нәрсе материалдық жағдайға келіп тірелетінін, қиыншылыққа төзе алмайтынын, некеге, отбасын бұзуға жеңіл қарайтынын, жауапкершілікті ұғынбайтыны жайында талқылады.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі