Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі сиырмен ғана байып кеткен кәсіпкер туралы не білеміз?

Екі сиырмен ғана байып кеткен кәсіпкер туралы не білеміз?

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы шаруа қожалықтың басшысы 2000 жылы өз жұмысын екі сиырмен бастаған. Бүгінде аяқтан тұрған қожалықтың меншігінде 120-дай ірі қара бар.

Қожалық иесі шаруашылықты одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

"Мен бұл шаруаны екі сиырмен бастадым. Алдымен өсіріп, семіртіп біреуді екеу ету мақсатында жас таналарға ауыстырдым.

Малдың басы құрала бастағаннан кейін мемлекеттік бағдарламамен кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша көмек алдым. Бұл да шаруамның алға жылжуына көмегін тигізді.

Мал санын ұлғайтқым келеді. Бірақ техника жеткіліксіз, енді мемлекеттік қолдаудың арқасында осы қажеттілікке қол жеткізіп алуды жоспарлап отырмын", – деді Шухрад Абдукаримов.

Қазіргі уақытта қожалық сүт өндіруді де қолға алған.

Абдукаримовтің сөзінше, күн сайын екі тонна сүт өндіреді.

Ол жеті адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғанын, оларға 80-150 мың аралығында жалақы төлейтінін жеткізді.
19 наурыз 2019 ж. 1 179 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031