Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбылда ауылдастарына жылына 50 млн теңге бөлетін ерекше адам тұрады

Жамбылда ауылдастарына жылына 50 млн теңге бөлетін ерекше адам тұрады

Жамбыл облысындағы "Шәушен" қожалығының иесі Сайрамбай Дөненбаев жомарттығымен жерлестеріне танылған. Кәсіпкер 220 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Одан бөлек, өзі тұратын ауылдың халқына әлеуметтік көмек ретінде жылына 50 миллион теңге қаржы бөлуді өзіне міндет етіп қойған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. 

Сайрамбай Дөненбаев осыдан 22 жыл бұрын ата кәсіпті қолға алған. Бар-жоғы 20 жылқы, 20 ірі қара, 500 бас қоймен шаруа қожалығын ашыпты. Мемлекеттке масыл болудан қашып, қиындықтарға мойымай, өз күшімен өрісін кеңейтеді. Соның арқасында бүгінде қой басын 52 мыңға, жылқыны 2 мың 200-ге жеткізіп отыр.    

"Қой шаруашылығы деген атадан қалған кәсіп қой. Шаруашылықты аяқтан тұрғызу оңай болмады. Осы дүниенің бәрі қойдың арқасында салынған нысандар десем жалған айтпаймын", —дейді Сайрамбай Дөненбаев.

Қожалық, қой мен жылқы еттін экспортқа шығарады. Ерте көктемде Иран мен Біріккен Араб әмірлігі елдеріне еттің алғашқы партиясын жіберген. Жергілікті "Меркі ет" комбинатымен келісімшартқа отырып, 8 мың бас қой еті шетелге шығарылыпты. Одан бөлек, Астанаға да ет өткізіп келеді. 

Жұмысшыларға жалақы еңбек өтіліне қарай беріледі деді. Ал, үздік шопандарға жылына 500-600 бас қой беру арқылы ынталандырып жүр. Ал, шопандардың балалары үшін Жарлысу ауылынан 150 миллион теңгеге интернат пен 92 орындық балабақша салған. Бұл ата-аналардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін жасалғанын жеткізді. 20 шопанның отбасы үшін жекешелендіру құқығымен 10 үй салып берген.
Алыста жүріп "Атымтай жомарт" атанған кәсіпкер әлеуметтік көмек ретінде жылына 50 миллион теңге елдің игілігіне бөледі. Келісі жылы тағы 60 орындық балабақша мен спорт сарайын салуды да жоспарлап отыр. 
07 желтоқсан 2018 ж. 1 656 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031