Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шұғыланың» шуақты күндері

«Шұғыланың» шуақты күндері

«Шұғыла» балабақшасы аудан көлемінде өзіндік орны бар, көпшіліктің ықыласын иеленіп жүрген ұжым. Ұжымның қалыптасу тарихы да аса бай. Сонау кеңес заманында, 1967 жылы салынған ғимараттағы балабақша алғашқыда «Солнышко» деп аталды. Іс қағаздары да, жұмысы да түгелдей орыс тілінде жүргізілді. Тәрбиеленушілері де Қазалыны мекендеген сан ұлттың перзенттері болатын.
Ұлағатты ұстаз Рыскүл Кемалова басшылық жаса­ған жылдарда ұжымның ауыз­біршілігі мен жетістігі еселене түсті. Өмірден көрген-түйгені мол Рыскүл Кемалқызы мамандарға шын мәнісіндегі қамқоршы анасындай болды. Ұжымдастарының жанын түсіне білді. Жабыққанға қамқорлық танытып, жылы сөзбен жұбатты. Соған орай ұжым мүшелерінің де ізетті басшының алдынан кесіп өткен кезі болған емес. Арада жылдар өтті. «Солнышко» енді «Шұғылаға» айналды. Қоғам да, сана да өзгерді. Рыскүл Кемалқызы ұзақ жыл абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлік демалысына шықты.
Тағылымды меңгерушінің жолын Гүлсім Әліпбаева қарындасымыз жалғастырды. Балабақша ғимаратында көп­теген жұмыстар атқарылды. Таби­ғатынан жігерлі Гүлсім Әзім­жан­қызы өзіне жүктелген міндетті әп-сәтте дөңгелентіп әкетті. Аудан басшылығына, тиісті орындарға шығып ны­санға жөндеу жасатты. Мекеме ішінің талапқа сай болуына, ауласының тазалығы мен жасыл желегіне баса назар аударды.
Қазіргі таңда «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасына Сәуле Мұхашова басшылық жасайды. Еңбек жолын осы балабақшада қарапайым тәр­биешіліктен бастап, әдіскер ретінде танылып, меңгеруші лауазымына тағайындалған Сәуле Мырзабайқызы ау­дан­ның қо­ғамдық-саяси жұ­мыс­тарына белсене араласады. Оның «Ин­­новация және ғы­лыми кеңіс­тік теория, ізденулер және тәжі­рибелік шешімдер» атты еңбегі халық­аралық ғылыми конференция­да жұмысы жария­ланса, ІХ Халықаралық ғылыми-прак­тикалық конференцияда «Мектеп жасына дейінгі бала­лармен қарым-қатынас тре­нингін ұйым­­дастыру жол­дары» та­қы­­рыбындағы жұ­мыс­­та­ры жарық көрді. «Мек­теп жасына деійінгі балалар­мен қарым-қатынас ұйым­­дастыру жолдары» атты еңбегі респуб­ли­калық «Үркер» зият­кер­лік орталығының алғы­сын ие­ленді, «Бейбітшілік әлемі» халық­аралық қазақ творчест­волық бірлестігінің тарапынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Педагогикалық ұжым рес­­­­пуб­ли­калық, облыстық, ау­­­­дандық оқу-тәр­биелік бай­қаулар мен сайыстарда толымды көрсеткіштерді бағын­дырған. «Жақсының, жақ­сы­лығын айт» ұста­ны­мы­мен басты деген жетіс­тік­­терге тоқтала кетсек. «Шұғы­лалықтар» «Үр­кер» рес­публикалық зият­керлік орта­­лығының «Зият­керлік бала­бақша» кубогын, «Үздік ертегі», «Белсенді тәлім­­гер» номинациясын ен­шіледі. «Кө­зайым» аудандық би бай­қауында, «Үздік-насихат бри­гадалар» байқауында топ жарды. Балабақшада 140 бала тәрбиеленуде. Кішкентай тәр­биеленушілер қазақ, орыс, ағылшын тілінде дәріс алады. Ғимараттың іші ұядай жылы. Әрі жұмыс жасауға өте қолайлы. Озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақталған ба­лабақшада бірнеше үйірме бар.
Міне, жайма-шуақ көктем­мен қатар халықаралық әйел­дер күні мерекесі де келіп жетті. «Шұғыла» бала­бақ­шасындағы қарбалас тірлік толастар емес. Іске сәт, бала жанының бағбандары!
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
05 наурыз 2019 ж. 2 036 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930