Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Технологияның тиімді тәсілі

Технологияның тиімді тәсілі

Сейсенбіде Қарашеңгел ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі болып өтті.

Маңызды шара аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторинг бөлімінің және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді. Оны өткізудегі негізгі мақсат – халыққа мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезінде әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейту болып табылады. Мұнымен мемлекеттік қызметтерді қолдану аясын ұлғайту жоспарда бар. Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы қолданылатын қызметтер туралы кеңінен түсіндіру жолға қойылған.

Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, жұмыспен қамту жəне басқа да бағыттарда қызмет көрсететін аудандағы жергілікті жəне аумақтық сала қызметкерлерінің білікті мамандары қатысты. Олар egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы атқарылатын қызметтер туралы кеңінен мағлұмат берді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары мен қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі және электронды қызметтерді алу тақырыптарында ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар қызмет алушыларға «Digital agent» мобильді қосымшасын қолдану жолдары көрсетілді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 ақпан 2019 ж. 1 763 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 146

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031