Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Бүгін Қарашеңгел ауылдық округінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі болып өтті.
Аталған шара аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің маниторинг бөлімінің және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесе ұйымдастырылды.
Жәрмеңкені өткізудегі негізгі мақсат – халықтың мемлекеттік қызметтің көмегін алу кезіндегі әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейту болып табылады. Сонымен қатар осындай шаралар арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдану аясын кеңейтуді көздеп отыр. Және де халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен түсіндіру.
Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, жұмыспен қамту жəне басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін Қазалы ауданының жергілікті жəне аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып, түсіндіріп, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен мағлұмат берді.
Жәрмеңке барысында мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары, мемлкеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі және электронды қызметтерді алу тақырыптарында ақпараттық брошюралар таратылып, қызмет алушыларға «Digital agent» мобильді қосымшасымен жұмыс жасау шаралары жүргізілді.
Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ғазиза ТЫНЫМБАЕВА
19 ақпан 2019 ж. 1 741 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 53

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 60

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 44

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930