Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді
Қазалы аудандық соты алдын ала сот отырысында талап қоюшы А.-ның жауапкер А.-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.
Азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар кәсіби медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.
Аталған келісім бойынша тараптар бітімгершілік шартындағы міндеттерді орындауға, яғни жауапкер А. 350 000 теңге қарыз ақшаны ай сайын 22 500 теңгеден төлеуге міндеттеме алды.
Өз кезегінде талап қоюшы талабынан бас тартып, медиация арқылы келісімге келуіне байланысты істі тоқтатуды сұрады.
Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген, дауды медиация тәртібінде реттеу келісіміндегі шарттарымен қоса бекiтiліп, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі