Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыз дауы медиация тәртібімен реттелді

Қарыз дауы медиация тәртібімен реттелді

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Е.-ның жауапкер К.-ден 3 000 000 теңге мөлшерінде қарыз өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот істі қарау барысында тараптарға дауды екі жаққа пайдалы шарттармен аяқтауға болатынын түсіндіріп соның нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келді. Оның талаптары бойынша талап қоюшы Е. қойып отқан талабын 1 000 000 теңгеге дейін түсіреді, ал жауапкер К. 2018 жылдың шілде айынан бастап 2019 жылдың маусым айы аралығында ай сайын 83 334 теңге төлеуге міндеттенеді.
Сот, тараптар жасаған келісіммен танысып, оның үшінші жақтың құқығына нұқсан келтірмейтінін, өзінің мазмұны бойынша заңға қайшы келмейтінін ескеріп, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.
Сот ұйғарымына сәйкес дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талапкерге 30 000 теңге көлеміндегі төленген мемлекеттік баж қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі

19 маусым 2018 ж. 1 210 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930