Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әсемкүлдің әсем бұйымдары

Әсемкүлдің әсем бұйымдары

Бүгінде табыс табуға әрбір адам құлшынатыны анық. Бұл ретте «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы қазалылық Әсемкүл Бақбергенова «Бастау бизнес» жобасының игілігін көріп отыр. Қазір ол үйінің бір бөлмесінен тігін шеберханасын ашып қойды. Оның маңдайшасына "Айдана" деп жазылған шеберханасына бас сұққанымызда тындырымды істің куәсі болдық. Әсемкүл Бақбергенова шағын ғана бөлмеде тігіншілік кәсібін бастап та кеткен екен.

– Тігін тігуге қызығушылығым бала кезден оянды. Аралдағы училищеде тігінші мамандығы бойынша оқып шықтым. Кейін Мәскеудегі училищеде білімімді жетілдіріп, тоқыма дайындау маманы атандым. Жалпы оқушы кезімнен бастап тігіншілікпен айналысып келемін. Кішкентайымнан тоқыма, шарқат, алаша тоқуды ұнататынмын. Бұл өнерді сабақтан соң үйірмеге қатысуымның арқасында меңгердім. Содан бері қолөнермен айналысуды жаныма серік еттім. Тұрмыс құрып, әр жерде жұмыс істедім. Әркез ертеңіңе үміт артып, жоспар құрып, армандау қажет екен. Осындай мақсаттың арқасында жеке тігін шеберханасын аштым, – деді Әсемкүл.

Әрбір істің өзіндік қызығы мен шыжығы болады. Сондықтан да тігінші болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ең бастысы тігінші үшін төзімділік, жауапкершілік пен тиянақтылық сынды қасиеттермен қоса, тәжірибе жинақтаудың да маңызы зор. Қазір Әсемкүл епті қимылы мен ұшқыр қиялының арқасында тұтынушылардың алғысына бөленуде. Кәсіпқойлықты бойына сіңірген Әсемкүл, жеке тігін цехында күні бойы тынбай еңбек етеді. Жұмысын тиянақты атқаратын ісмер бесік жабдықтары мен қыз жасауын және көрпе тысын дайындап, сәнді көйлек пішіп тігеді.

"Бастысы тәуекел еткен ісіңді ыждағаттылықпен атқарып, жан-тәніңмен сүю керек. Сонда ғана мақсатың ойдағыдай жүзеге асады. Өткен жылдың мамыр айында Әсемкүл "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, арнайы сертификатқа қол жеткізді. Бір айлық оқу тренингтің көмегімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалынан бес жылға 1 миллион теңге несие алды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 250 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болды", – дейді кәсіпкер келіншектің жұбайы Бақтыбай Бақбергенов.

Әсемкүл бұл қаражатты тиімді пайдаланып, киімнің іші шашақтанбауы үшін және көйлекті біртегіс тігіп шығуға қолданатын "Оберлок" пен "Джок" тігін машинасын сатып алды. Сонымен қатар ирек тігісті және кестелі тігін машинасы бар іскер ана осы күндері жастыққа, автокөлік орындықтарының қаптамасына жазу жазып тігіп беру қызметін көрсетеді. Өнерлі ісмердің қызметіне бір мәрте жүгінген Нұргүл Қасымова бүгінде оның тұрақты тұтынушысына айналды.

– Тәтеме тапсырыс жасап, қоржын тіккізген едім. Өте әдемі әрі тартымды шығыпты. Елестеткенімнен де әлдеқайда керемет дүние болды. Енді көйлек тіктіртіп алу ойымда бар, – дейді ол.

«Бақыттың кілті – еңбекте» дегендей бүгінгі қоғамда адал еңбектің ырыс-несібесі мол. Әсемкүл күн сайынғы қабылданатын тапсырысқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Он саусағы майысқан шебердің көз тартатын сапалы бұйымдарын сүйсіне алған тұтынушылар әрдайым алғыстарын айтудан жалықпайды.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
20 ақпан 2019 ж. 1 340 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930