Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табыс әкелген тігіншілік

Табыс әкелген тігіншілік

Бүгінде ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің қатары артып, жұмыссыздар саны азайып келеді. Мәселен, Бек­арыстан би ауылында аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім алған ауыл тұрғындары Лағыл Қожақова мен Гаухар Еңсепбаева шағын тігін шеберханасын ашты.
Шеберхананың жұмыс істеп тұрғанына қазір алты айға жуықтады. Мұнда сіз көңіліңізге қонымды етіп киім тіктіріп, көздің жауын алатын құрақ көрпеге де тапсырыс бере аласыз. Әсіресе, тұрғындар тігіншілерге киімдерін қысқартып, ысырма салдыруға жиі келеді. «САН-жар.kz» серіктестігі Арм­ан оқу орталығында үш ай білім алып, «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығын меңгерген Лағыл мен Гаухар стипендияларын жинақтап, соңғы үлгідегі тігін машинасын сатып алған. Электронды машинамен тігістің он үш түрін тігуге болады. Үшінші дәрежелі тігінші біліктілігі бар келіншектер кәсіпкер ретінде тіркеліп, мемлекет салығының еселенуіне де үлес қосып отыр.
Шынар тігіншілік өнерді енді ғана үйренсе, Лағыл бала кезінен анасына қарап, құрақ құрауды меңгергенін айтады.
«Анам Шынар ағаш үйдің жабдықтарын дайын­дайды, құрақ құрайды. Киімді де жақсы тігеді. Жас күнімізде тігін тігуді үйреткен. Өз киімдерімді тігіп, қысқартып ала беретінмін. Қазір тігіншілікті жан-жақты меңгеріп алдым. Қажетті маталар мен жіптерді Әйтеке би кентінен алып келеміз. Бұған дейін мәдениет үйі қызметкерлеріне қажетті киімдер мен жабдықтарды тегін тігіп бердік. Наурыз мерекесінде мерекелік костюмдер мен мектеп ұстаздарына арнайы форма тіктік. Тапсырыс жақсы. Тұрғындардың қалтасына қонымды бағаны айтамыз. Қайта даярлау курстары жұмыссыздықпен күрестің ең оңтайлы жолы деп айта аламын. Мемлекеттің қолдауына және ауыл әкімшілігі қызметкерлеріне алғысым шексіз. Көп көмектесті. Атап айтсақ, тігін шеберханасының үш айлық жалдау ақысын әкімшілік шешіп берді», – дейді Лағыл Төребайқызы.
Иә, шеберханадағы қызмет қалтаға қолайлы. Киім қысқарту 200 теңге тұрса, ысырма салу – 300 теңге. Айта кетерлігі, ысырма тігіншілердің өзінен. Ал бір құрақ көрпені бір күнде дайындап береді. Кәсібінен береке тауып, несібесін айырып отырған тігінші келіншектер келешекте шеберхана көлемін ұлғайтып, тапсырыстар санын арттыруды көздеп отыр.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
Фото: Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА

06 маусым 2018 ж. 3 053 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930