Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең бастысы – ниет пен жігер

Ең бастысы – ниет пен жігер

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқып, кәсіпкерлік негіздерін үйренген жандардың бірі – қожабақылық Күлтай Қошқарбаева.
Ол жуырда ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы тігін шеберханасын ашуға 1,5 миллион теңгеге несие алды. Қазіргі таңда замануи тігін машиналарымен жұмысын бастап кетті. Отыз жылдан бері тұрғындардан түрлі тапсырыстар қабылдап, киім, құрақ көрпе, қыз жасауын жасайтын шебердің өнеріне ауыл жұрты тәнті. Әр тұтынушының көкиіндегісін дөп басып түсінетін тігіншінің талғамы тамаша. Тіпті жоғары деңгейде деуге болады. Өнері мен қоса адамгершілігінің өзі бір төбе. Не десеңіз, Күлтай Нұрмағамбетқызы көп жағдайда ауыл халқының қалтасына қарайды. «Қанағат қарын тойғызады» дегенді сөзді әркез есінде ұстайтын тігінші: «Азға қанағат етіп, тапсырыс берушінің жағдайына қараймын. Менде мынадай баға деп қатып қалатын кездер жоқ. Тапсырыс алған соң, уақытылы дайындап беруге бар күшімді жұмсаймын. Тұтынушымен жұмыс істеп отырған әрбір кәсіпкер үшін жауапкершілік пен тиянақтылық бірінші кезекте болуы керек», – дейді. Ол тіккен құрақ көрпелер мен қыз жасауларына еліміздің басқа облыстарынан да сұраныстар түседі.
Еңбек жолын совхозда сауыншы бастаған Күлтай Нұрмағамбетқызы озат сауыншы атанды. Партия конференцияларына делегат болып, аудандық советінің депутаты болып сайланған. Бұдан кейінгі жылдары аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатында тігінші болды. Алайда, 1987 жылы аталған жұмыс орындары жабылып қалады. Бірақ кәсіп тоқтаған жоқ. Сол жылдардағы ауыл әкімі Т.Амановтың қамқорлық жасауымен ауыл ортасынан бос тұрған ғимараттан тігін шеберханасы ашылады. Ал, 2015 жылы «ШеберАN» қоғамдық қоры есебінен ашылған тігін шеберханасында тігінші болды.
Қазақтың көне қолөнер дәстүрін кейінгі жас ұрпаққа үйретіп, келешекте тігіншілік өнерін дамытуды мақсат еткен Күлтай үйренемін деушілерді қуана қарсы алатындығын айтады.
Өмірге бес бала әкеліп, тәрбиелеп өсірген ана: «Өзім үшінші топ мүгедегі болсам да тігін машинамнан бір елі алыстаған емеспін. Балаларымды да еңбек ете білуге үйреттім. «Жұмыс жоқ» деп үйде жата беруге болмайды. Шын жұмыс істеймін деген жанға мемлекеттің көмегі көп. Мәселен, шағын кәсіп ашуға болады. Ең бастысы ниет пен жігер керек», – дейді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
08 ақпан 2018 ж. 1 688 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930