Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көптің тілегі тыңдалды

Көптің тілегі тыңдалды

Өткен жексенбіде ұйымдастырылған көпбалалы аналарға арналған “Ашық есік күні” осы аптада да өз жалғасын тапты. “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалында 12 және 14 ақпан күндері өткен басқсосуға Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округтің тұрғындары келді. Олардың басым көпшілігі “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлері мен жас аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар.
Қабылдауға келгендер өздерін толған­дырған жайтты ашық айтып, мүмкіндігіне қарай көмек беруді сұрады. Басқосуға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мен Әлімжан Жарылқағанов көпшіліктің ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдап, айтылған мәселелерге орай жауап қайтарды.
Жер, тұрғын үй кезегі, уақытша бас­панамен жəне жұмыспен қамтамасыз ету, денсаулық, көше жолы мен жарығы, əлеуметтік көмек алу, несие, апатты тұрғын үйге күрделі жөндеу, ауыз су, газ желісін жүргізу жайында айтылған көпшілік көкейіндегі мəселелердің нақты шешім табуының жолдары қарастырылады.
Қабылдауға жұмыс сұрай келген көпбалалы аналарға халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұратбек Бекмамбетов кәсіптік оқу арқылы жеке кәсібін аша алатындығын, аудандық ауру­хананың бас дәрігері Гүлжихан Нысанова денсаулығына байланысты медициналық көмекке мұқтаж жандарға тиісті дәрігерлік көмек көрсетілетінін жеткізді.
Сондай-ақ уақытша баспанамен қамту жағдайымен келген бірнеше отбасының өтініші қанағаттандырылатын болды. Ал, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға алдағы уақытта реттілігімен белгіленген тәртібіне сəйкес берілетіндігі түсіндірілді.
Ашық есік күніне келушілердің арасында аудан басшылығына алғыс айтқандар да болды.
– Мен осыған дейінгі қоғамдық қабыл­даулардың біріне қатысып, өтінішімді жеткізген болатынмын. Соның арқасында “Алпамыс” балабақшасына жұмысқа орналас­тым. Осыған орай сіздерге ризашылығымды жеткіземін, – дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Тәттігүл Қазмамбетова.

Ж.АЙЫМҚҰЛОВ
16 ақпан 2019 ж. 1 117 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930