Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Анасын ардақтаған ел азбайды

Анасын ардақтаған ел азбайды

«Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деп бекер айтылмаса керек. Оларға қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Осы ретте Қазалы ауданында көпбалалы аналарға арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Жексенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратына жиналған тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қабылдап, ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады.
Ашық есік күніне жиналған жиырмаға тарта көпбалалы ана баспана, жұмыссыздық, әлеуметтік атаулы көмек алу сынды мәселелерді ортаға салды.

– Әйтеке би кентінде тұратын көпбалалы анамын. Отбасымда жұбайым екеуміз 6 баланы тәрбиелеп, өсіріп отырмыз. Екеуміз де жұмыссызбыз. Бүгінгі таңда бізді баспана мәселесі қатты алаңдатып отыр. Осыған орай маған тұрғын үйден көмек көрсетсеңіздер. Тегін үй берілсе деп айта алмаймын. Ең болмаса ипотека арқылы бөліп төлеуге мүмкіндік жасалса біршама көмек болар еді. 2009 жылы жерге арыз да жазып қойғанбыз. Оның да реті келер емес, – дейді Айнұр Жұмахметова.

Өз кезегінде Әлімжан Мұратбайұлы әрбір тұрғынның тарапынан түскен өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын тілге тиек етіп, бұл мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауында болатынын жеткізді.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
12 ақпан 2019 ж. 1 468 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930