Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Гематогеннің» зияндылығы анықталды

«Гематогеннің» зияндылығы анықталды

Көптеген балалар сүйіп жейтін гематоген еліміздегі дәріханалар сөрелерінде самсап тұрғанымен, оны Германия, Австрия сынды еуропалық мемлекеттерден кездестіре алмаймыз. Десе де гематоген алғаш рет Швейцарияда жасалған. Бастапқы кезде өгіз қанының негізінде жасалған Hämatogen des Dr. Hommel сұйық күйде болған екен.

Ірі қара малдың қанынан бөлек, гематоген құрамына жұмыртқаның саруызы кіреді. Гоммель гематогені ХХ ғасырдың басында үлкен танымалдыққа ие болған. Бірақ уақыт өте келе гематоген өндірісі төмендей түседі. Ал бүгінде неміс және швейцариялық дәрігерлер «тәттінің» бұл түрінен сақтандырып отыр. Оның себебі де жоқ емес.

Гематоген Кеңес Одағы кезінде

КСРО өзіне тиесілі гематоген өндірісін 20-жылдары қолға алған. Ал 1925-1926 жылдары қарқынды түрде өндіріле бастайды. Оған себеп, бұл уақытта мемлекеттегі азық-түлік жеткізілімі аса күрделенген еді. Дұрыс тамақтанатын мүмкіндік болмағандықтан, гематоген темір жетіспеушілігімен күресуге көмектескен. Қиын кезеңдерде аталған құнарлы өнім тәттіні де, дәріні де алмастырған-ды. Ал Кеңес Одағы үшін гематогеннің осынау қасиеті аса маңызды еді.

Еуропа мен АҚШ-та тағамдық өнімдерге байланысты айтарлықтай қиындықтар болмаған. Сондықтан шет елдік балаларда гематогеннің көмегіне деген мұқтаждық туындай қоймаған. Ал КСРО-да оны балаларға ғана емес, қызыл әскерге де берген еді. 20-жылдардың соңында гематоген өнідірісі бойынша кәсіпорындар Қазақстан, Орал, Армения, Өзбекстан және Сібірде ашыла бастаған.

Гематоген несімен қауіпті?

Өгіз қанының негізінде жасалған тәтті текшелерді Қазақстан, Ресей мемлекеттерінде әліге дейін тұтынуда. Ресейлік дәрігерлердің пікірінше, темір жетіспеушілігінің салдарынан туындайтын қаназдық кезінде, дұрыс тамақтанбағанда гематогеннің көмегі зор. Алайда шет елдік дәрігерлер аталған тәттінің бірнеше зиянды тұстарын айтып отыр.

Гематоген – өте құнарлы өнім (354 Ккал/100 грамм). Оның дәмін жақсарту үшін, құрамына сірне, бал, қант, шоколад, қойылтылған сүт және басқа да құнарлы өнімдер қосады. Егер бала артық салмақ қосуға бейім болса, гематогеннің салдарынан семіздікке ұшырауы мүмкін. Ал сусамыр дертіне шалдыққан адамдар үшін гематогеннің қаупі мүлдем жоғары.

Құрамында темір бар текшелерді өндіргенде, бауыздар алдында өлім қатерінен шошынған жануарлардың қаны қолданылады. Жануар мұндай күйге түскен уақытта кортизол, норадреналин, адреналин сынды күйзеліс гормондары қанға көптеген мөлшерде түседі. Оған қоса мал ұстаушылар ірі қара малды жылдам өсіріп, көп ауырмасы үшін жемге түрлі антибиотиектер мен гормондар қосып береді.

Аталғандардың барлығының бала ағзасына қажет еместігі анық. Тіпті денсаулығына зиян. Кортизол есте сақтау қабілетінің нашарлауына, зейінділіктің төмендеуіне, ашушаңдыққа алып келеді. Ал жануарларға арналған антибиотиктер баланың иммундық жүйесін бұзады. Осы себепті шет елдік дәрігерлер гематогенмен «емдеудің» қауіптілігін ескертіп, сақтандыруда. Бәрінен абзалы, баланы дұрыс тамақтандырып, «дұрыс» тағамдармен қамтамасыз ету қажет.
14 ақпан 2019 ж. 1 026 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930