Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертеді

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертеді

Фото: istockphoto.com
Алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында — көбіне орта және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде — тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратып, құжаттарды ұсынуға және «ынтымақтастыққа» шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сенім ұялату үшін бұл хаттар Қаржылық мониторинг агенттігінің жалған логотиптері бар жалған бланкілерге басылып, жалған мөрлермен бекітіледі.

Кейін олар өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы мәліметтерді алдап алуға тырысады.
Сондай-ақ жалған ҚМА қызметкерлері мессенджерлер арқылы азаматты тексеріліп жатқан тұлғалар тізімінде бар деп хабарлап, ақша бопсалау жағдайлары да тіркелген.
Азаматтардың шағымдарында жиі қайталанатын тегі: «Мыктыбаев», «Хамзин», «Жалимов», «Жалимбетов».
Ресми түрде хабарлаймыз: Қаржылық мониторинг агенттігі:

мұндай тексерістер жүргізбейді;
ресми хабарлама жібермей телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;
жеке тұлғаларға телефон шалмайды;
ақша аударуды талап етпейді;
тек заң аясында әрекет етеді.
Азаматтарды мұқият болуға, арандатушылық пен алаяқтардың айласын елемеуге шақырамыз.
Күмән туған жағдайда 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (727) 279-20-86 нөмірі бойынша кезекші бөлімге дереу хабарласу қажет.


17 қыркүйек 2025 ж. 122 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930