Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Швейцариялық фотограф 500 теңгелік банкноттағы шағаланың өзіне тиесілі екенін айтты

Швейцариялық фотограф 500 теңгелік банкноттағы шағаланың өзіне тиесілі екенін айтты

Швейцариялық фотограф Марсель Буркард өзінің авторлық құқығын қорғау үшін Ұлттық банкпен соттаспақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі фотографтың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Марсель Буркард есімді азамат қазақстандық жаңа банкнотадағы шағала суретінің өзіне тиесілі екенін айтты.
«Не деген құрмет! Кеше Қазақстан Ұлттық банкінің жаңа банкнотқа шығарғаны туралы хат алдым. Аталған ақшаға шағала бейнеленген екен. Осының барлығы мемлекеттік деңгейде шудың шығуына әкеліп отыр. Сурет Википедиядан алынған. Ал оның авторлық құқығы маған тиесілі. Ұлттық банк ақшасының дизайнін жасаған маман осы суретті ұрлаған. Мұны 100% растауға болады. Ал Ұлттық банк мұны жоққа шығарып отыр. Мен өз құқығымды қорғайтын боламын», — дейді Буркард.
Ол шағала суретінің түпнұсқасын жариялап, 500 теңгелік ақшада бейнеленген өзге де суреттердің түпнұсқасын интернеттен тауып алғанын айтты.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банк 22 қараша күні халыққа жаңа банкнотаны таныстырған болатын. Мұнымен қатар, олар шағала суретінің ұрланбағанын мәлімдеген.
04 желтоқсан 2017 ж. 3 018 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930