Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Фото: istockphoto
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) азаматтарды алаяқтардың жаңа айла-тәсілдерінен сақ болуға шақырды. 
Агенттіктің мәліметінше, алаяқтар орта және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратады.
Олар сенім ұялату үшін ҚМА-ның жалған логотиптері мен мөрлері бар бланкілерді пайдаланып, құжаттар ұсынуды немесе «ынтымақтастыққа» шақыруды талап етеді.  Кейін өздерін агенттік қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы мәліметтерді алдап алуға тырысады.
Сонымен қатар жалған ҚМА өкілдері мессенджерлер арқылы «тексеріліп жатқан тұлғалар тізіміне енгізілгенсіз» деп хабарлап, ақша бопсалау жағдайлары да тіркелген. 
Азаматтардың шағымдарында жиі қайталанатын тектер: «Мықтыбаев», «Хамзин», «Жалымов», «Жалымбетов».
Қаржылық мониторинг агенттігі ресми түрде хабарлайды:
– мұндай тексерістер жүргізбейді;
– ресми хабарлама жібермей, телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;
– жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды;
– ақша аударуды талап етпейді;
– тек заң аясында әрекет етеді.
Агенттік азаматтарды сақ болуға, арандатушылық пен алаяқтардың айласын елемеуге шақырды.

Күмән туған жағдайда 1458 нөмірлі Call-орталығына немесе +7 (727) 279-20-86 нөмірі бойынша кезекші бөлімге хабарласу қажет.
17 қыркүйек 2025 ж. 131 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930