Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіс емдеуге зейнетақы жинағын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Тіс емдеуге зейнетақы жинағын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
Фото: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын медициналық қызметтерге пайдалану тәртібін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ведомство “Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы” бұйрыққа өзгерістер әзірлеп отыр. Жаңа құжатта стоматологиялық қызметтерге – тістерді протездеу мен имплантацияға зейнетақы жинағын жұмсау мүмкіндігін алып тастау қарастырылған.
“Бұл шешім зейнетақы жинақтарының мақсатсыз пайдаланылуын болдырмауға бағытталған”, – делінген министрлік хабарламасында.
Бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар тіс емдеуге зейнетақы жинағынан 757 млрд теңге жұмсаған. Сонымен қатар, жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 200 млрд теңге заңсыз шығарылғаны анықталған еді. Осыған байланысты 15 қыркүйектен бастап тіс емдеуге қатысты өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылды.


16 қыркүйек 2025 ж. 268 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930