Қытай Германияны инновациялық елдер рейтингісінде басып озды
Сейсенбі күні Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының жыл сайынғы инновациялық саясат рейтингінде алғаш рет үздік ондыққа кіріп, Германияны артқа қалдырды, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

139 елдің экономикасын қамтитын Жаһандық инновация индексінде (GII), 78 көрсеткіш негізінде рейтинг жасалады. Осы жолы Қытай 10-шы орынға табан тіреді. Ал Германия 11-ші орында тұр.
Бейжің зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (НИОКР) белсенді инвестиция салып келеді, деп жазады Reuters.
GII мәліметтері бойынша Қытай ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ең көп шығын салатын елдердің қатарында.
Швейцария 2011 жылдан бері үздік бірінші орында қалып отыр, тізімді Швеция мен АҚШ жалғастырады.
2024 жылы халықаралық патенттік өтінімдердің шамамен төрттен бірі Қытайға тиесілі болды, бұл оны ең үлкен патент беруші елге айналдырды. АҚШ, Жапония және Германия — жалпы патенттік өтінімдердің 40%-ын құрайтын елдер — сәл төмендеген.
Патенттерге ие болу – елдің экономикалық қуаты мен өнеркәсіптік біліктілігінің маңызды белгісі болып есептеледі.
Рейтингтің бірінші ондығында АҚШ пен Қытайдан кейінгі елдер: Оңтүстік Корея, Сингапур, Ұлыбритания, Финляндия, Нидерланды және Дания.
Бұдан бұрын Қытай жыл соңына дейін 32 миллионнан астам автокөлік сатуды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.