Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сиыр етінің бағасы 5-6 мыңға жеткен": Ауыл шаруашылығы министрлігі не дейді

"Сиыр етінің бағасы 5-6 мыңға жеткен": Ауыл шаруашылығы министрлігі не дейді

Фото: pixabay
Әлеуметтік желілерде азық-түлік бағасының өскені жиі талқыланатын тақырыптардың бірі.Әсіресе, кейінгі кезде сиыр етінің келісі 6 мың теңгеге жеткені туралы сөздер халық наразылығын тудырды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Threads әлеуметтік желісінде қазақстандықтар сиыр еті бағасының шарықтап кеткенін сөз етіп жатыр. "Сиыр еті жылқыныкінен қымбат болатын кез келеді деп ешқашан ойламаппын", "Сиыр еті 6 мыңға жетті, әлі өседі деп естідім", "Бағаны көріп шошыдым, сиыр етінің өткізілген еті 5300 теңге деп тұр", "Жаңа жылға дейін 7 мың болады" деп жазды олар.

Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзінен кейін төңіректегі дүкендерді, Алматы және Астанадағы ет базарларына барып, еттің бағасын сұрастырдық. Шынымен де ет бағасы шарықтап кеткеніне көзіміз жетті. Базарлардың өзінде сиыр етінің бағасы сүйексіз 5-6 мың теңгеге жетеді. Алматыда сатушылар сиыр етін 5-6 мың, жылқы еті 6 мың деп тұр. Ал үй жанында да солай. Дүкендерде сүйекті етті 3600-4200, 4 000-4700 теңге, сүйексіз етті 5-6 мың теңгеге саудалап тұр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің бағасы шарықтап бара жатқанын мойындаса да, келісі алты мыңға жетті деген сөзді жоққа шығарды.

"Біз еттің өзіндік құнының динамикасын талдадық, ол бағаның өсуі ең алдымен ішкі факторларға байланысты екенін көрсетеді. Атап айтқанда, бұл — ұйымдастырылған шаруашылықтардағы жем-шөптің қымбаттауы (микро және макроқоспалар, сүрлем, пішендеме және т.б.), жалақының өсуі (жеке қосалқы шаруашылықтарда – бақташыға бір басқа 5-7 мың теңге, ұйымдастырылған шаруашылықтарда – бұзаушы, технолог, зоотехник және т.б.) және басқа да өндірістік шығындар. Бір басты өсіру үшін 2 жыл қажет.

Тауарлық шаруашылықтарда, яғни жайылымдық мал бағумен айналысатын жерлерде, 1 кг ет өндірудің өзіндік құны шамамен 2400–2500 теңгені құрайды. 15% маржаны ескерсек, көтерме баға 2800–2900 теңгеге дейін жетеді.

Ал мамандандырылған бордақылау алаңдарында, яғни қорада ұстау жағдайында, өзіндік құн жоғары – 1 кг етке 3000–3100 теңге, ал көтерме баға 3400–3500 теңге деңгейінде қалыптасады", - дейді министрлік.

Сонымен қатар, министрліктің мәліметінше, бұл өзіндік құн құрылымында көптеген шаруашылықтар 23% жылдық мөлшерлемемен алуға мәжбүр болған банктік несиелер есепке алынбаған. Осыған байланысты, 1 тамыздан бастап бордақылау алаңдары үшін жылдық 5% мөлшерлемемен 12 ай мерзімге жеңілдетілген несие өнімі енгізілген.

"Бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінді. Қаражат мал, жем-шөп, жанар-жағармай және қосалқы бөлшектер сатып алуға бағытталады, бұл өндірістік қуаттарды жүктеуді арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның басты шарты – малдың кем дегенде 50%-ын отандық ет комбинаттарына өткізу. Бұл, экспортқа сұраныстың жоғары болуына қарамастан, ішкі нарықты етпен қамтамасыз етуге кепілдік береді.
1 кг еттің өзіндік құнының құрылымында сондай-ақ бұрын күшін жойған селекциялық-асыл тұқымды жұмысқа арналған субсидия да бар (бұған дейін жұмыртқа өндірісін субсидиялау тоқтатылған кезде де осындай жағдай болған).

Осылайша, жоғарыда аталған барлық факторлар өзіндік құнның құрылымын қалыптастырады, ал бұл мал басының жетіспеушілігімен емес", - дейді министрліктегілер.

Осы орайда сарапшылар мен фермерлердің де өз айтары бар. Мал етінің қымбаттауы заңдылық екенін айтады.

"Кез келген тауар мен қызмет бағасы сұраныс пен ұсыныспен анықталдады. Егер сұраныс көп болса, оның бағасы өсуі тиіс, қымбаттай береді. Бізде ақша массасы көп.Бұны монетарлдық саясат дейді, оны ұлттық банк реттейді. Ақша массасы азаймайынша баға өсе береді. Жем-шөп, қызметтердің бағасы қымбаттауы ет бағасына әсер етеді. Оның үстіне оны тасымалдау, сақтау, кейін оны дүкендерде бөлшектеу қызметі қосылып, бәрі бағаның өсуіне әкеледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын сұраныс пен өзіндік құны жабу керек. Егер жаппаса, болмайды. Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініксіз саясат жүргізеді. Бәрі арзан болсын, субсидия береміз дейді. Оны қолы жеткен олигархтар алады, қарапайым халық алмайды. Сондықтан ауылда мал басы да, фермерлер де азайып кетті. Яғни ауылда мал бағу тиімсіз болып бара жатыр. Оларды әкімшілік жолмен, министрліктің шешімімен, бұйрықпен көбейте алмайсың, олардың еңбегі тиімді болу керек. Тиімді болу үшін бағасы инфляциядан жоғары болу керек. Мәселе осында", - дейді экономист Сапарбай Жұбаев.

Ал фермер Әділет Талғатбеков мал еті 4-5 мың болды дегендерге быдай дейді.

"Мал деген көлдегі балық, пытырлатып туатын шошқа, тауық емес. Оны бағып-қағуға қажыр-қайрат, денсаулық, уақыт пен шыдам керек. Мал бағатындар таңғы алтыдан тұрып, қара кешке дейін жүреді, сенбі-жексенбі де жұмыс істейді. Сөйтіп жүріп 63 жасында зейнетке шығады. Кейбіреулері соған жетпей қалып жатыр. Ал қалада 40-45 жасында шығады.Егер сол қаладағы адамдарды осында әкеліп мал баққызса, олар бұндай жұмысқа төзбейді. Осыншама еңбекті қажет ететін малдың етінің бағасы қымбат деушілер оның артында қаншама бейнет жатқанын білмейді", - дейді ол.
17 қыркүйек 2025 ж. 109 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930