Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыртқы істер министрлігі енді саусақ ізін тіркей алады

Сыртқы істер министрлігі енді саусақ ізін тіркей алады

Фото: Freepik.com

Үкімет "Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңартылған құжатқа сәйкес, сыртқы істер министрлігінің ережесінде азаматтық мәселелері бойынша өтініштермен жұмыс істеу тәртібі нақтыланды. Енді сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде азаматтықты алу, шығару немесе елге тиесілігін растау туралы өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін әзірлеп, бекітеді.

167-тармақшаға қазақ тіліндегі мәтін бойынша өзгерістер енгізілді, ал орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалды.
Сонымен қатар жаңа 167-1-тармақша қосылды. Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан заңнамасына сәйкес саусақ ізін тіркеуді жүзеге асыру өкілеттігі берілген.

Қаулы күшіне енді.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеуді яғни саусақ ізін алуды міндеттеу алынып тасталатынын жазғанбыз. Одан кейін саусақ ізін тапсыру қайтадан міндеттелетіні айтылды.
16 қыркүйек 2025 ж. 254 0

Балаларға шаттық сыйлаған күн

28 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031