Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар неге әскерге барғысы келмейді?

Жастар неге әскерге барғысы келмейді?

Бүгінде әскерге барушылар қатары сиреді. Жастардың көпшілігі «Әскерге барудың қажеті жоқ» деп нақты кесіп айтпаса да олардың сөз төркінінен көкейінде осы пікірдің тұрғанын түсінуге болады. Жастар неге әскерден қашады? Олардың бойында қандай қорқыныш бар? Ата-ана неге баласын әскерге жіберуге қарсы? Осы сұрақтар төңірегінде аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкерімен тілдескен едік.

Өткен жылы Қазалы ауданы бойынша әскер қатарына 204 азамат алынған. Олардың 97-сі көктемде кетсе, 107-сі күзде азаматтық борышын өтеуге аттанған. Биыл 100-ден аса бозбаланы әскер қатарына жіберу жоспарланып отыр.
Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім инспекторы Күмісбай Серікбаевтың айтуынша, жастар көп жағдайда денсаулығының нашарлығынан әскер қатарына қабылданбай қалады екен. Жасөспірімдердің әлсіздігімен қоса бойы мен салмағының сәйкес келмеуі де әскерге баруға тұсау болатын көрінеді.


«Бозбалалардың басым көпшілігінің көзі нашар көреді. Әрі ойлау қабілеті де төмен деңгейде» деген инспектор бұған себеп, жастардың компьютер мен ұялы телефонға жиі телміретіндігі деп есептейді. Сондай-ақ, оны ата-ананың балажандығы да алаңдатады. «Ата-ана әскерге баласын жіберуге құлықсыз. Өйткені, қазіргі әкелердің өздері әскерге бармаған. Теледидардан түрлі оқиғаларды көріп, естіп отырған ата-ананың бойында «балам бірдеңеге ұшырап қала ма?» деген үрей басым», – дейді Күмісбай Серікбайұлы.

Сонымен қатар жас жігіттердің бойында ұлттық рух та бәсеңсіген сыңайлы. «Әскерге барамын», – деп құлшынып тұрғандар сирек кездеседі. Бұған себеп не? Жасөспірімдердің патриоттық сезімін күшейтіп, Отан алдындағы азаматтық парызының қаншалықты маңызды екенін ұғындыра алмауымыз ба?

Олай деуге тағы келмейді. Өйткені, қорғаныс бөлімінің қызметкерлері қолдан келгенін істеуде. Бөлім қызметкерлері Алтынбек Ізбасқанов пен Жәнібек Нұрашов арнайы осы мәселемен айналысады. Олар бекітілген жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізуді қолға алған. «Білім ошақтарында еліміздің түкпір-түкпірінде әскери білім алып жүрген жастармен кездесу өткіземіз. Оларды оқушыларға үлгі ете отырып, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыруды көздейміз. Бұдан бөлек, ұстаздармен бірлесіп, Ауған соғысы ардагерлері, қорғаныс бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастырамыз», – дейді Алтынбек Ізбасқанов.


Аты-жөнін жарияламауымызды сұраған жас жігіттердің бірі әскерге барудан бас тартуын несиесінің барымен байланыстырса, ал ата-аналар теледидар арқылы әскерде орын алатын жайсыз жайттарды күнделікті көре отырып, баласын жіберуге жүрегі дауаламайтындығын айтады. Әркімнің өз айтары бар. Алайда Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу кім-кімге де парыз екенін естен шығарып алмайық.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 ақпан 2019 ж. 2 742 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930