Сарбаз бол да, сапқа тұр

Мерзімді әскери қызметке шақыруға Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санда он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатылу құқығы жоқ азаматтар жатады. Осыған орай наурыз-маусым айларында Қазалы ауданынан жоспар бойынша 88 жасөспірім азаматтық борышын өтемек.
Осы күні мерзімдік әскери қызметке Қарулы Күштер қатарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Мемлекеттік Күзет қызметіне Қазалыдан 64 бозбала аттанды.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ