Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңашыл мұғалім-мектеп тірегі

Жаңашыл мұғалім-мектеп тірегі

2018 жылы 04 – 06 қаңтар күндері аралығында №25 мектептің пән бірлестіктері арасында «Жаңашыл мұғалім-мектеп тірегі» тақырыбында тәжірибе алаңы өтті. 
Тәжірибе алаңына мектептегі төрт бірлестіктен 4 топ қатысты. 
1. Жаратылыстану пәндер бірлестігінен « Хабаршы» тобы
2. Бастауыш сыныптар пән бірлестігінен «Жаңалық жаршысы» тобы
3. Гуманитарлық пән бірлестігінен «Рухани» тобы
4. Эстетикалық пәндер бірлестігінен «Қыран» тобы
Әр топ құрамында 5 мұғалім болды. Жұмысқа барлығы 20 мұғалім тартылды. 
Сайыскер топтар мына шарттар бойынша жұмыстар көрсетті:
- «Таныс болыңыз, бұл біздің бірлестік!» Топтардың таныстырылымы.
- Бірлестіктердің шығармашылық көрмесі
- "Оқытудың жаңаша формасы: Жаңашылдық. Ізденіс. Нәтиже” тақырыбындағы ықшам сабақтар қорғау
- «Рефлексия – сарлы ой, сапалы нәтиже» тақырыбындағы баяндамалар қорғау.
- "Оқушы құзырлылығын қалыптастыру жолдары” тақырыбындағы тәрбие жұмыстарына байланысты жоба қорғау
- «Саламатты өмір, көтеріңкі көңіл» тақырыбындағы эстафеталық сайыс Жұмыстарды саралап, қорытынды жасайтын арнайы топ жұмыс жасады. Олар: 
1. Сағидуллаев Ғ-мектеп директоры
2. Қуандықов Қ - директордық оқу ісі жөніндегі орынбасары
3. Алмағамбет Б-директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары
4. Сейітова Н– директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
5. Сәрсен – мектеп координаторы, бастауыш сынып мұғалімі
6. Жадиева К – мектеп тренері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
7. Қосбармақова Г – мектеп тренері, тарих пәнінің мұғалімі
8. Қожахметов К – денешынықтыру пәнінің мұғалімі.
Барлық жұмыстар алдын ала дайындалған бағалау критерийлері бойынша бағаланды. Бағалау критерийлері алдын ала топ мүшелеріне таныстырылды. Алғашқы шарт - таныстыру кезеңіне әр топ өздері туралы таныстырылым жасады. Оны бағалау мына критерийлер бойынша жүзеге асты:
- Топтардың қатысу белсенділігі
- Таныстыру мазмұндылығы
- Эстетикалық көркемдігі
- Шығармашылық көрінісі
Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстар көрмесінің бағалау критерийі:
- Жұмыс бағыттарының көптүрлілігі
- Эстетикалық талапқа сай болуы
Ықшам сабақ көрсетелемінің бағалау критерийі:
- Оқу мақсатына сабақ мақсатының сәйкестігі
- Таңдалған әдістердің тиімділігі
- Мұғалім шеберлігі
Баяндама жұмысының бағалау критерийі:
- Өзектілігі 
- Жаңашылдығы
- Практикалық құндылығы, тиімділігі
- Баяндау шеберлігі
Тәрбие жұмыстары бойынша жоба қорғау жұмысының бағалау критерийі:
- Тақырыптың ашылуы
- Жоспардың құрылымдық сапасы:
• Мақсаттың айқындылығы
• Жоспар құрылымының жүйелілігі 
• Әдіс-тәсілдердің тиімділігі 
• Кері байланыстың көрінуі
Бағалау дискрипторларының ұпайлары: 1-3 ұпай аралығын қамтыды.
Жалпы жұмыс қорытындысы бойынша 
- «Хабаршы» тобы – 590 ұпай
- «Рухани» тобы – 580 ұпай
- «Жаңалық жаршысы» тобы – 574 ұпай
- «Қыран» тобы – 400 ұпай иеленді. 
- «Алаң жұлдызы» бастауыш сынып мұғалімі Айтжанова Қ атанды.
Әр жұмыс түріне байланысты жеңімпаз мұғалімдерге орындар мен алғыс хаттар берілді. 
Сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында мектеп тренерлері жұмыстар көрсетті:
- «Мінсіз мұғалім. Ол кім?» тренинг. Жәди К
- «Белсенді оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігі» коучинг. Қосбармақова Г
15 қаңтар 2018 ж. 5 312 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930