Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолжетімділік қамтамасыз етілді

Қолжетімділік қамтамасыз етілді

Өткен бейсенбіде 2018 жыл бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстың қорытындысы жөнінде Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Мұратбекұлы баспасөз-мәслихатын өткізді.

Оның айтуынша, ауданда криминогендік ахуал біршама азайды. Мұның бәрі халықтың әл-әуқатына байланысты және заң тәртібін түсініп, оны дұрыс қабылдауы. Бұған тек сот өкілдері ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүргізу нәтижесі септігін тигізген. Қылмыстық іс бойынша өткен жылы 177 дерек тіркелген. Нәтижесінде 96 адамға айыптау, 15-іне ақтау үкімі шығарылды.


Сыбайлас жемқорлық санатында 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс қаралған. Есірткі айналымы да тоқталар емес, бұған орай 34 сотталушыға айыптау үкімі қабылданған. Нәзік жанды арулар да құқық бұзып, заң тәртібіне мойынсұнбай тұр. Алты әйелге айыптау, 4-іне ақтау үкімі шығарылды. Медиаторлардың қатысуымен 58 іс қаралып, аяқталған.

Ал азаматтық іске қатысты 1000 арыз, 93 азаматтық құжат түскен. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2018 жылдың 12 айында өндіріске 1266 әкімшілік іс қабылданған. 1188 дерек 1188 заң бұзушылыққа орай қаралған. 5 әкімшілік іс соттылығы, 13-і ведомостволық бағыныстылығы бойынша жолданған. 964 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 205-іне қатысты іс өндірістен тоқтатылған. Оның ішінде, 513 тәртіпке мойынсұнбаған бұзақыға айыппұл, 273-іне әкімшілік қамақ, 127-сін көлік басқару құқығынан айыру, 19-ына ескерту, 32 шетелдік азаматты ҚР аумағынан шығарып жіберу жазалары қолданылды. 19 кәмелетке толмағанға тәрбиелік ықпал ету шарасы жүргізілді. «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 іс қаралып аяқталды.

Д.Мұратбекұлы сот қызметі туралы ақпараттандыру, сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға әркез дайын екендігін жеткізді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 қаңтар 2019 ж. 988 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930