Тараптарды татуластыру – басты талап

Ал азаматтық іске орай тұрғындардан 1584 арыз қабылданып, 30 азаматтық іс тіркелген. Оның ішінде 1 арыз қабылдаудан бас тартылса, 25 арыз кері қайтарылған. 567 талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғалған. Барлығы 1514 азаматтық іс аяқталған.
Жыл басынан бастап аудандық сотқа 1010 әкімшілік құжат қабылданған. Оның ішінде 928 айғақ 928 тәртіпке бағынбағанға қаралып, 769 іс бойынша 769 адамға әкімшілік жаза қолдану жөнінде қаулы бекітілген. 13 адамға ескерту беріліп, 400 адамға айыппұл салынды. 224 жазаланушы әкімшілік қамауға алынып, 104 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, 28 шетел азаматы ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығарылған.
«Жалпы, аудандық сот судьялары сотқа дейін екі тарапты татуластыру шараларын жүргізіп, халық арасында жанжалсыз ортаны қалыптастыруға барынша атсалысуда. Сондай-ақ, өңірлік сот орындары ұйымдастырған құқықтық турнирлер мен спорттық және интеллектуалдық жарыстарда жүлделі орындарды иемденуде», – дейді Д.Мұратбекұлы.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА