Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оң өзгерістерге толы алты ай

Оң өзгерістерге толы алты ай

Сәрсенбі күні Қазалы аудандық сотында 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан басқосуда аудандық сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы есепті кезеңде сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Төрағаның айтуынша, аудандық сотта қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама төмендеген. Атап айтар болсақ, қылмыстық істер 68-ге, азаматтық істер 632-ге, әкімшілік істер 138-ге азайған.
– 2018 жылдың І жарты жылдығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1 қылмыстық іс түсіп, қаралып, 1 адамға қатысты 1 айыптау үкімі қабылданды. Алайда, сотталушыға “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасы қолданылып, тағайындалған негізгі жазадан босатылды.
ҚК-нің 68-бабы 38 қылмыстық іс бойынша қолданылып, 50 сотталушы қылмыстық жауаптылықтан құтылды. Оның ішінде медиаторлардың қатысуымен 36 сотталушыға қатысты 30 іс бойынша медиация рәсімдері қолданылды. Бұл мерзімде барлық аяқталған 53 қылмыстық істің 28-і қысқартылған тәртіппен қаралды, – деген Д.Мұратбекұлы аудандық сотта қылмыстық істерді қарау барысында процессуалдық мерзімдердің бұзылу фактілері орын алмағанын жеткізді.
Аудандық соттың төрағасы Д.Мұратбекұлы сот саласына деген ел сенімінің артып, әділдіктің үстем болуы үшін аудандық соттың жұмысын жақсарта түсетінін айтып, баспасөз мәслихатын түйіндеді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
21 шілде 2018 ж. 1 226 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 177

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031