Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиаторлар мәмілеге келтіруде

Медиаторлар мәмілеге келтіруде

Өткен аптада Қазалы аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді. Онда аудандық сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы 2018 жылдың бірінші тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар жайына тоқталды.
Д.Мұратбекұлының мәлімдеуінше, жыл басынан бері барлығы 52 адамға қатысты 42 қылмыстық іс түскен. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты 1 қылмыстық дерек тіркелген. Дегенмен, айыпталушы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР-ның 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңның 2-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасы қолданылып, сотталушы тағайындалған негізгі жазадан босатылды. Есірткі айналымына орай 8 және әйелдерге қатысты 1 іс бойынша айыптау үкімі қабылданған.
ҚК-нің 68-бабы 13 қылмыстық іс бойынша 16 сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Оның барлығы да медиаторлардың қатысуымен қаралған.
Осы жылдың 3 айында азаматтық істер бойынша 301 арыз, 27 іс түсіп, 261-і қаралып аяқталған. Оның ішінде, 33 сот бұйрығы, 144-і бойынша шешім қабылданып, 6-ы қараусыз қалдырылды. Ал 76-сы өндірістен тоқтатылған. Қабылдаудан бас тартылған, кері қайтарылған талап арыздар жоқ.
Айта кетейік, азаматтық істердің 58-і медиация тәртібі арқылы тоқтатылған. Сонымен қатар, 4 азаматтық іс бойынша тараптар татуласу келісімін жасасты.
Сот төрағасының айтуынша, әкімшілік істерге орай 321 құжат қабылданды. Оның 4-еуі соттылығы, 2-еуі ведомостволық бағыныстылығы бойынша жолданған. 297-сі 297 адамға қаралып, 247 іс бойынша 247 адамға әкімшілік шара көру жөнінде қаулы қабылданса, 41 іспен 41 адам әкімшілік жауаптылықтан босатылды. 9 құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал ету шаралары белгіленген. 16 жеке қаулы қабылданды. Мерзімі бұзылып қаралған, тоқтамға алынған әкімшілік істер жоқ.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

16 сәуір 2018 ж. 1 826 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930