Жаман әдеттен жиренейік
Сыбайлас жемқорлықпен күресу біздің қоғамның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл індет саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен жоғары лауазым иелері көптеп ұрынады. Өмір көрсеткендей, олардың арасында қызметтік міндетін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету фактілері жиі кездеседі.
«Салғырттық – сан соқтырады» деген. Мұндай көңілге кірбің салатын көлеңкелі жағдайдың орын алуы да осыған келіп тіреледі. Сондықтан кім-кімде өзінің міндетті ісіне аса жауапкершілікпен қарап, тындырымды атқаруға күш-мүмкіндігі мен тәжірибесін жұмсай білуі қажет. Қоғамға жат жаман әдеттен жиреніп, онан бойымызды аулақ ұстауға дағдыланғанымыз мақұл.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заң талаптарын жүзеге асыруға барша қазақстандықтар белсене атсалысуы тиіс. Сонда ғана экономика өрістеп, адамдардың болашаққа деген сенімі арта түседі.
Осы ретте Қазалы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға арналған іс-шаралар жоспары жасалған. Дөңгелек үстел, семинар-кеңестер өткізіліп тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасы, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша құқықтық оқу тұрақты жүргізіліп, бөлім мамандарымен жеке түсіндіру жұмыстары тұрақты өткізіледі. Бөлімнің әрбір қызметкеріне жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу мәселесі қатаң ескертілген. Бөлім ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған, Азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітіліп, сенім телефоны жұмыс істеуде.
Майра РШЫМБЕТОВА,
Қазалы көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімнің басшысы