Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 25 мемқызметші жемқорлық қылмысы үшін жауапқа тартылды

Қызылордада 25 мемқызметші жемқорлық қылмысы үшін жауапқа тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар азамай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл қылмыстардың басым бөлігі пара алуға қатысты болып отыр. Әсіресе, мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша орта бизнес өкілдерінен пара алу деректері жиі кездесіп жатады. Атап айтқанда, жыл басынан бері 25 адам жемқорлық қылмысымен жауапқа тартылған. Олардың арасында 7-уі бас бостандығынан айрылды. Мұндай көріністер құқық қорғау саласында көбірек байқалады. Осы жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыс бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев «Өңір үшін өзекті мәселенің бірі - құқық қорғау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Үстіміздегі жылдың өзінде аталмыш саланың 4 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Біз қоғамға жат мұндай әдеттермен күрес бағытында тиісті іс-шараларды атқарып келеміз. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық бақылау жүйесі жасалуда», деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Тағы бір айта кетерлігі, облыс бойынша мемлекеттік мекемелерде 170-тен астам қызметтік орын бос тұр, Олардың басым бөлігін салық, қаржы салалары құрайды.
Әділжан Үмбет
inform.kz
15 мамыр 2018 ж. 1 923 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930