Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық індет – күресу міндет

Жемқорлық індет – күресу міндет

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жемқорлық індет – күресу міндет» атты аудандық қазынашылық басқармасымен бірлескен дөңгелек үстел болып өтті.

Жиында Қазалы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы Руслан Қуанышбаев төрағалық етті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық қазынашылық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында атқарылған шаралар туралы Р.Қуанышбаев хабарлама жасады. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл жүйесін жасауда Қазақстан көшбасшылық жағдайды иеленіп отыр.

Елдегі сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетуге, мемлекеттік органдар қызметіне қоғамның сенімін арттыруға бағытталған қоғамдық бақылаудың тетіктерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау мемлекет пен қоғамның негізгі міндеттерінің бірі.

Екінші мәселеге орай партия филиалының сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарған шаралары туралы филиал сарапшысы Алтынай Бақтыгерейқызы баяндады. Ол аудандық партия филиалы жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес» бекіткен іс-шара жоспарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, партияның орталық аппараты мен бас прокуратураның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бірлескен меморандумы негізінде аудандық прокуратура мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің батыс аймағы бойынша ауданаралық бөлімімен бірге меморандумға қол қойып, соған сәйкес жұмыс жасалып жатқаныдығына тоқталды.
Жиналғандар өз ойларын ортаға салып, ұжым болып жемқорлықпен күресетіндерін жеткізді.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиалының консультанты



10 желтоқсан 2018 ж. 1 986 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930