Әр елдің салты басқа
Жаңа жылдың төрге шығуына да санаулы күндер қалды. Бұл сәтте баршамыз болашаққа үкілеген үміт артып, жарқын жақсылықтар күтетініміз белгілі. Әр халықта бұл мерекені қарсы алуға байланысты қалыптасқан дәстүр бар. Олардың үлкен-кішісі ерекше сезім, айрықша сеніммен қарсы алады. Осыған орай біз шет елде жоғары оқу орнында білім алып жатқан қазалылық жастарды әңгімеге тартып, жүрген ортасындағы ерекшелік туралы білген едік.
Жандос ТОЙБАЗАР, Мәскеу қаласындағы Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің студенті, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей түлегі.
- Жалпы мәскеуліктер бұл мерекеге қарашадан бастап дайындалады. Олар екі ай бұрын барлық мекемелерді алдын-ала безендіруді әдетке айналдырған. Жаңа жыл кешінде халық міндетті түрде Қызыл алаңға шығады. Мәскеудің 6 жерінен өте үлкен мөлшерде және ең әдемі деген түрлі-түсті от шашу атылады. Басты ерекшелігі – ең биік шырша орнатады. Ресей бойынша барынша ұзын 57 метрлік шырша Краснодарда қойылады. Мәскеуде 40 метрге жуық қарағай Қызыл алаңның сәнін келтіреді. Әрине, Аяз атасыз Жаңа жылды елестету мүмкін емес. Ақша қармен бірге жүрген Аяз аталар Мәскеуде жиі кездеседі.
Сондай-ақ, орыстар мереке қарсаңында дастарханына мандарин қоюға ерекше мән береді. Мерекенің негізгі жемісі – мандарин, оливье салаты, сусыны – шампан. Негізі Ресейде қызметкерлер Жаңа жылды үйде отбасы жанында қарсы алуы үшін 31 желтоқсанда жұмысын кешкі сағат 18:00-де аяқтайды.
Азамат ЖҰМАХМЕТ, Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мəдениет жəне өнер университетінің студенті, №190 мектеп түлегі.
- Қырғыздар Жаңа жылға қатты көңіл бөледі. Дайындықты ерте жүргізеді. Орталық алаңдарына түрлі-түсті гирляндылар іледі. Дүкен, жолаушылар тасымалы көлігі мен ғимараттарын безендіреді. Сонан соң бір-екі апта қалғанда дайындық басталады. Көпшілікті мен оқу бітіргеннен кейін «жат елде қалады ма?» деген ой мазалайды екен. Əрине, Алла қаласа еліме қызмет етемін. Астана қаласында орналасқан театрда қызмет істеу – басты мақсатым.
Жаңа жылды ата-анамның жанында қарсы алуды жоспарлап отырмын.
Жантөре ШАЛАБАЙ, Түркиядағы Сакарья университетінің студенті, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей түлегі.
- Қазақстанда христиандарша және мұсылманша екі мейрамды тойлаймыз. Сондықтан бізде Аяз ата мен Кыдыр ата болса, түріктерде Ноэль баба бар. Бұл жақта Жаңа жыл отбасымен өткізетін мейрам саналады. Түріктер мерекені үйінде қарсы алады. Дастарханға кебабтардың барлык түрі, ішіне жемістер салып пісірілген құс еті, кёфте (котлет), томат шырыны қойылады. Аға буын өкілдері шыршаны үйге әкеліп, безендіруге рұқсат етпейді. Санта Клаус белгілеріне тыйым салады. Жастар жағы керісінше, қарсы емес. Бұл күні эстрада жұлдыздарының концерттері болғанын, шампан атылып, билегенді қалайды. Мұнда жас өрендер Жаңа жылдық кешті кафе, клубтарда отырып жалғастырады. Олардың ойынша, мейрам жақсы тойлануы керек. Себебі, бұл саяхатшыларды тарту үшін жақсы мүмкіндік.
Түркияда үлкен қалалар Жаңа жылға оң көзқараста болса, кіші қалалар мен ауылдар тойлауға шектеу қояды. Өйткені, кіші қалаларда дін басшылары тойламауға кеңес береді. Жалпы, Түріктер көп мейрамдардың бірі ретінде қабылдайды.
Жаңа 2019 жылда жерлестеріме жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА