Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 200-ден астам Қызылордалық жас Мәскеу болат және қорытпалар институтында білім алуда

200-ден астам Қызылордалық жас Мәскеу болат және қорытпалар институтында білім алуда

Дүниежүзілік тау-кен конгрессі аясында Астанада «Мәскеу болат және қорытпалар институты» («МБжҚИ») Ұлттық зерттеу технологиялық университетіннің 100 жылдығына орай саланатты қабылдау өтті. Бұл оқу орнында 202 қызылордалық жас білім алуда. Шара барысында облыс әкімі университет студенттерімен кездесіп, бітіруші түлектерді марапаттау рәсіміне қатысты.
«МБжҚИ» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы, Ресей тауар өндірушілері одағының Президенті Олег Сосковец пен ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек университет түлектерін оқуды ойдағыдай бітіруімен құттықтады.
Өз кезегінде, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев университет басшылығы мен студенттерін мерейтоймен құттықтап, Ресейде оқып жатқан сырбойылық түлектерді аймақта жұмыспен қамту перспективалары туралы айтты.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа даму мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орындарында ғылым саласын металлургия, мұнай және газ химиясы, агроөнеркәсіптік кешен, био- және IT технологиялары саласына бағыттауды тапсырды. Біздің облысымыз Ресей Федерациясының жетекші техникалық оқу орындарымен тығыз әріпестіктің арқасында осы бағытта 2014 жылда бастап қарқынды жұмыс істеуде. 200 астам баламыз Мәскеу болат және қорытпалар институтында оқып жатыр. Айтқандай, оның басшылығы алғашқыларының бірі болып біздің серіктестік туралы ұсынысымызға келісім берді», - деді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, облысымыздың 452 түлегі Ресей Федерациясы Үкіметінің гранттары есебінен Мәскеу және Санкт-Петербург университеттерінде аймағымызда жоғары сұранысқа ие инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша («нанотехнология және микрожүйелі техника», «технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру», «материалтану және материалдар технологиясы», «электроника мен наноэлектроника», «металлургия», «стандарттандыру және метрология», «технологиялын машиналар мен құрал-жабдықтар», «жылу энергетика және жылу техникасы» және т.б.) оқып жатыр.
«Осы жылы студенттердің алғашқы легі оқуын аяқтайды. 75 студент диплом алады, оның 59 – «МБжҚИ» түлектері. Олардың 13 магистратураға түсіп, оқуын жалғастыратынына қуаныштымыз, ал қалған 62 жас маманды аймағымыздың ірі кәсіпорындарында жұмысқа қабылдау үшін күтуде, кейбіреулері мемлекеттік қызмет резервіне енгізіледі», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, түлектерді «МБжҚИ» университетінің оқу жұмысы бойынша проректоры Вадим Петров құттықтады.
Атап өтейік, 2017 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Қызылорда облысының әкімдігі мен Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының жетекші жоғары оқу орындары арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР РФ-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов пен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, «МБжҚИ» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің, И.М.Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университеті, К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу аграрлық академия және Санкт-Петербург мемлекеттік өндірістік технологиялар мен дизайн университетінің ректорлары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бастап Мәскеу болат және қорытпалар институты, Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті мен И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті қызылордалық түлектерді аймаққа қажетті мамандықтар бойынша оқыту үшін гранттарды бөліп келеді. Одан бөлек, сырбойылық жастарды Қазан қаласындағы «Иннополис» университетінде оқыту туралы келісім жасалды, Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығымен әріптестік орнату жоспарлануда.
Атап өтейік, биылдан бастап қызылордалық жастар үшін «Киберқауіпсіздік» және «Математикалық процестерді модельдеу» мамандықтары бойныша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасына 20 грант бөлінетін болады.
Сондай-ақ, жыл сайын облыс әкімінің гранттары есебінен 100 жуық ауылдық жердегі аз қамтылған отбасылардан абитуриенттер білім алып жатыр, қазіргі таңда грант иелерінің саны 700-ге жетті. Биылғы жылы грант санын 200-ге жеткізіліп, оның 70 пайызы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға бағытталатын болады.
Анықтама үшін: «Мәскеу болат және қорытпалар институты» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің («МБжҚИ» ҰЗТУ) тарихы 1918 жылдан басталады. 1918 жылы Мәскеу тау-кен академиясында металлургиялық бөлімше ашылып, оның негізінде Мәскеу болат институты құрылды.
2014 жылдың қорытындысымен университет БРИКС елдерінің үздік 100 университеттері тізіміне және QS негізгі білім беру рейтингісі бойынша әлемнің 1000 жетекші техникалық жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілді. Университет «5-100» Ресей жоғары оқу орындарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасының 15 қатысушыларының бірі болып табылады.
Дүниежүзілік тау-кен конгрессі (WMC) – тау-кен өндірісінің әлемдік деңгейіндегі оқиға. Іс-шара 1958 жылдан бастап 2-3 жыл сайын өткізіледі және қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру саласында жұмыс істейтін мамандар мен ғалымдардың басын қосады. Тау-кен кешенінің жетекші институттары мен негізгі жеткізушілер және сервистік компаниялар тау-кен өндірісіндегі озық тәжірибелерін ұсынады. Дүниежүзілік тау-кен конгрессінде бүкіл әлемнен жиналған тау-кен өндірісінің жетекші сарапшылары мен шектес салаларының өкілдері баяндама жасайды.
21 маусым 2018 ж. 1 311 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 68

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031