Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шаттық сыйлаған шырша тойы

Шаттық сыйлаған шырша тойы

Аудан орталығындағы "Ақтілек" мейрамханасында оқуда озат болып, ата-анасы мен мектеп мақтанышына айналған үздік оқушылардың жаңа жылдық шыршасы өтті. Шырша тойына сексенге жуық белсенді әрі талантты шәкірт шақырылды. Әр балаға қуаныш пен шаттық сыйлайтын жаңа жыл мерекесін балғындармен бірге қарсы алуға келген аудан әкімі Мұрат Ергешбаев оларға жүрекжарды лебізін арнады.
"Құрметті балалар!
Мен сіздерді және барлық қазалылық бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – сіздер асыға күтетін айрықша мереке. Жаңа жылды қарсы алу – жаңа армандармен қауышу. Жаңа ит жылында барлық арман-тілектеріңіздің орындалуына тілектеспін.
Ескі жыл еліміз үшін мерейлі белестер жылы болды. Барлық салада да өсіп, өркендеу бар. Сіздердің барлықтарыңыздың биыл жақсы нәтиже көрсеткендеріңізді білемін. Сіздер жыл бойы жақсы бағалар алып, түрлі конкурстар мен жарыстарда жеңіске жеттіңіздер. Мен осы үшін өте қуаныштымын.
Біздің еліміздің мақсаты – Мәңгілік ел болу, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек. Аға буын, соның ішінде сіздердің ата-аналарыңыз нақ сол үшін және Қазақстан жастарының игілігі үшін жұмыла еңбек етуде.Сіздер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыздар.
Бүгінгі жүзеге асырылып жатқан игіліктердің барлығы тек сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалуда. Жыл сайын жаңа мектептер мен балабақшалардың саны артып келеді" дей келе, аудан басшысы балаларға жаңа жылда бақыт, денсаулық тілеп, үздік оқушы аттануларына ниеттес екендігін білдірді.
Иә, биыл Майдакөл, Лахалы, Бірлік, Шәкен, Шилі ауылдарында 5 жаңа мектеп салынды. Тағы бір мектептің құрылысы жүргізілуде. Оқушыларға сапалы білім алуға біздің ауданда барлық жағдай жасалған деуге толық негіз бар.
Мерекелік шарада әр балаға аудан әкімінің атынан сыйлық ретінде ұялы телефон берілді. Және арнайы дайындалған торттан дәм татты. Жаңа жылдық бағдарламада түрлі аңдар мен ертегі кейіпкерлерінен құралған театрландырылған қойылым қойылып, балалар да өз өнерлерін көрсетті. Бірі ән айтып, енді бірі би биледі. Жаңа жылдың символы аяз ата мен ақша қар балаларға сыйлық үлестірді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
25 желтоқсан 2017 ж. 3 039 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 68

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031