Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа әліпби – тәуелсіздіктің жетістігі

Жаңа әліпби – тәуелсіздіктің жетістігі


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған заманда адамдардың сана-сезімін уақыт ағымына лайықтап қайта түлету мәселесі қозғалды. Сонда бұрыннан пайдаланып келген кирилица графикасын латын әліпбиіне көшіру туралы да айтылғаны бәрімізге аян.
Шынында қазіргі ақпараттық технологияның өте шапшаң дамып жатқан кезінде – латын ғарпіне көшу бізге дамыған технологияларды меңгеруге және қазақ тілінің өрісін кеңейтуге септігін тигізеді. Әлемдегі ақпараттардың 70 пайызы қазіргі күндері латын әліпбиімен беріледі екен.
Мен бастауыш және жоғары сынып оқушыларына да сабақ бердім. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін яғни мемлекеттік тілді үйренушілердің қысқа курстарына да дәріс оқыдым. Бастауыш сыныптарда «Әріптерді көзбен көреміз, дыбыстарды құлақпен естиміз. Осы естіген дыбыстарды әріптермен таңбалаймыз», – деп үйреттік. Сол кездері мен орыс тілінен енген дыбыстарды атап айтқанда ю, я, щ, е әріптерінің ь-айыру, ь-жіңішкелік белгілерінің неменеге қажеті бар екен деп іштец ойлаушы едім. Енді міне сол 42 әріпті қысқартып, 32 дыбыстық атауларға көшіп жатқанымыз өте орынды, уақыт талабы.
Біздің алдымыздағы аға ұрпақ 1929 жылдан 1940 жылға дейін осы латын әрпімен оқып, жазып келген. Енді міне тәуелсіз ел ретінде сол үрдіске оралып отырмыз. Менің негізгі айтайын дегенім: Латын әліпбиіне асықпай бірте-бірте көшуді ғалымдарымыз, ақын-жазушы, тіл мамандары Елбасы айтқандай кезең-кезеңмен әрбір әріпке, таңбаға, үтір, нүкте, дәйекшелерге жете мән беріп жалғастырғаны жөн.
Осы орайда мына бір оқиғаны айта кеткен жөн. 1953 жылы біздің әрпіміздегі Ұ –дыбысы, Ӱ болып жазылады екен. Сол кездері «Социалистік Қазақстан» газетінде «Ұлы Сталин» деген сөз У әрпінің үстіндегі нүктелер таңбаланбай «Улы Сталин» – деп жазылып кетіп, басылымның редакторы, жауапты адамдар, журналистер жауапқа тартылып, біразы сотталып кетеді. Абырой болғанда, сол жылы 2-3 айдан соң әлгілер түгел ақталып шығыпты. Осы бір оқиғаны мемлекеттік курсты оқытып жүргенімде филолог ғалым Асылы Османова апайымыз менің сабағыма қатысып отырып айтқан еді. Содан кейін ғалымдарымыз, тіл мамандары ақылдасып Ұ – әрпін қазіргіше белгілейтін болған екен.
Латын әліпбиіне көшу, ұлттық сананың, ұлттық рухымыздың және тәуелсіздігіміздің нығаюының белгісі. Жақсы жаңалыққа баршамыз қолдау көрсетейік.
Айбол БИТУҒАНОВ,
білім саласының ардагері
11 қаңтар 2018 ж. 1 455 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 44

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 40

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031