Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат төрағасының орынбасары Қызылордада кездесу өткізді

Сенат төрағасының орынбасары Қызылордада кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұмыс бабындағы сапармен Қызылорда облысында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесу барысында депутаттар аймақтың 2017 жылғы әлеуметтік-мәдени дамуындағы негізгі қорытындылармен және осы жылғы жоспармен танысты. Аймақ басшысы өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының жай-күйі және келешектегі дамуы туралы жан-жақты хабардар етті.
Сенаторлар Қызылорда облысында жедел және айқын құқықтық қызмет көрсету мақсатында құрылған Құқық қорғау қызметі орталығының жұмысымен танысты. Мұнда азаматтарға құқықтық мәселелерді шешуде кешенді түрде көмек көрсететін білікті мамандар (прокурор, адвокат, медиатор, әкімдік өкілдері) қызмет етеді. Орталық қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жабдықталған, келушілерге жайлы жағдай жасалған.
Парламентшілер жаңа полиция бекетінде болып, оның жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ 500-ге жуық камера жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесінің тиімді жұмысы атап өтілді. Депутаттар қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін бұл жаңалықты еліміздің басқа да аймақтарына кеңінен таратуды ұсынды.
Депутаттар құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу барысында заңдардағы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған түзетулер туралы әңгімеледі. Сенаторлар сол күні қалалық мәслихат ғимаратында облыс активімен, мәслихат депутаттарымен және жұртшылық өкілдерімен кездесті. Сенат төрағасының орынбасары Бекназаров өз сөзінде Парламент жоғарғы Палатасы қызметінің қорытындыларына тоқталды. Мемлекет басшысы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа ел өміріндегі аса маңызды оқиға ретінде атап өтілді.
«Парламент Ата заңға Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ететін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Депутаттар корпусы жаңа Салық, Кеден кодекстері және басқа да заңдар бойынша ауқымды жұмыстар атқарды», — деді Бекназаров.
Сенат төрағасының орынбасары Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңызды рөлін атап өтті. Бекназаровтың айтуынша, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы, Астанада ШЫҰ саммиті мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуі біздің еліміздің жаңа тарихында ерекше орын алады.
Парламент қабылдаған заңдардың мазмұны, еліміздегі рухани жаңғыру мәселелері, оның ішінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен қазақ тілін латын әрпіне көшіру туралы мүдделілік тұрғысында әңгіме өрістеді. Бекназаров шараға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
03 қаңтар 2018 ж. 1 635 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930