Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көрік пен келбет – аудан айнасы

Көрік пен келбет – аудан айнасы

Соңғы жылдары аудан орталығының инфрақұрылымын жаңарту, елді мекендердің сән-салтанатын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Әсіресе, ауданның бас қақпасы саналатын Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалы аумағына ерекше назар аударылып келеді. Себебі, бұл нысанға келген әрбір жолаушы мен қонақ ауданның жалпы мәдениеті мен даму деңгейін, тұрғындарының ұқыптылығын дәл осы вокзал маңындағы көріністен аңғарады.
Қазіргі таңда тарихи ғимарат өңірдің сәулеттік сәнін кіргізіп, аудан тұрғындарының да, қонақтардың да көңілінен шығуда. Дегенмен, вокзал маңындағы абаттандыру жұмыстары мұнымен шектелмеуі тиіс. Себебі, перон бойында және маңайында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сыртқы көрінісі де ауданның келбетін айқындайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аталған аймақтың сыртқы келбетін ретке келтіру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеп, аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтановқа жұмысшы топпен бірге теміржол вокзалы аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
Жуырда аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы бастаған жұмысшы топ вокзал аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың иелерімен кездесіп, ғимараттардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру және аумақтардың санитарлық тазалығын сақтау мәселелеріне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кәсіпкерлерге қоғамдық орындардың эстетикалық тартымдылығы – ауданның имиджін айқындайтын басты көрсеткіш екенін атап өтті.
Сонымен қатар жұмысшы топ мүшелері теміржол вокзалы аумағына, ондағы қызмет сапасына, тұрғындар мен жолаушыларға жасалған жағдайға қарап, ауданның бет-бейнесі қалыптасатынын жеткізді. Осы орайда, кәсіп иелерін туған жердің ортақ абыройы үшін бірлесе еңбек етуге шақырды.
Аудан әкімінің орынбасары жұмысшы топқа кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіру жұмыстарын және белгіленген міндеттердің орындалуын үнемі бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.
Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында Мұрат Әбсұлтанов вокзал жанында орналасқан тарихи ғимарат – су қыспақты мұнарада жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен де танысты. Бұл нысан да ауданның тарихи-мәдени мұраларының бірі ретінде қайта жаңғырып, келешекте туристік және танымдық маңызы бар орындардың қатарына қосылмақ.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
08 қараша 2025 ж. 128 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 148

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 120

ФОРУМ: кәсіп пен еңбек

08 қараша 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930