Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Шорт-листке 44 үміткер енді
«Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астана қаласында «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Аталмыш сыйлық баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы мамандардың кәсіби жетістіктері үшін беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше биыл сыйлыққа 400-ден астам өтініш келіп түсті. Шорт-листке 44 үміткер енді. Жұмыстар 11 номинация бойынша ұсынылды, оның ішінде «Жылдың үздік журналисі», «Үздік репортаж», «Үздік жаңалықтар сайты» және басқалары бар.
«Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Сондай-ақ «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының арнайы марапаттары да табысталды», - деп жазылған хабарламада.
Арнайы сыйлықты «Казахстанская правда» республикалық газеті – басылымның 105 жылдығына орай, Kazinform ақпарат агенттігі – 105 жылдық мерейтойға орай, Zakon.kz интернет-басылымы – Жұмысшы мамандықтары жылына арналған арнайы аталым бойынша иеленді.
Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Үркер» ұлттық сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылды, олардың 440-ы шорт-листке енді. Осы уақыт ішінде «Үркер» естелік мүсіншесі 133 үздік отандық БАҚ өкіліне табысталды, олардың жұмыстары журналистиканың түрлі салаларында жоғары бағаланды.
«Үркер - 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:
Жылдың үздік сұхбаты:
  • Бауыржан Карипов –Qaz365.kz ақпараттық агенттігі
Жылдың үздік репортажы:
  • Иван Сухоруков – Tengrinews.kz сайты
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:
  • Тамара Вааль – Vlast.kz сайты
Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
  • Майра Ерғали – «Атырау» газеті
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
  • Илья Пащенко – «Казахстанская правда» газеті
Радиостанциядағы үздік жоба:
  • «Нысана» – «Шалқар» ұлттық радиоарнасы
Жылдың үздік фотосуреті:
  • Игорь Бургандинов – «Казахстанская правда» газеті
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
  • Adyrna ұлттық порталы
Үздік өңірлік БАҚ:
  • «Астана ақшамы» газеті
Жылдың үздік подкасты:
  • Qstar Group
Жылдың үздік YouTube-арнасы:
  • Эксперты KZ



08 қараша 2025 ж. 161 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 150

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 121

ФОРУМ: кәсіп пен еңбек

08 қараша 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930