Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жетістіктің кілті жаңа әліпбиде

Жетістіктің кілті жаңа әліпбиде

Әйтеке би кентіндегі жедел-жәрдем станциясында «Латын әрпіне көшу – рухани жаңғыруға бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосуға «Нұр Отан» пар­тиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мәмбетжан, аудандық емхананың меңгерушісі Ғ.Баймаханов және емхана қызметкерлері мен «Шипагер» БПҰ мүшелері қатысты.
Дөңгелек үстелді Қасқырбек Мәмбетжан ашып жүргізді. Қазақ тілінің латын әліпбиін қабылдауы ұлттық лингвис­тика тарихында екі дәуірде екінші рет орын алып отыр. ХХ ғасырдың басында «Алашым» деген ұлт зиялылары қолданған, кейін солақай саясаттың құрбанына айналған латын графикасы жаңа дәуірде жаңа нұсқада қайта қолданысқа енетін болды. Бұл Елбасының ұзақ жылдар жүргізген сарабдал саясатының айтулы тұсы екенін қоғам түгелдей түсініп, бірауыздан қолдап отыр. Қазір қала мен далада тұратын халық түгелдей саяси тұрғыда өте сауатты. Мұның бір айғағы, латын графикасының ңұсқасын бекітудегі қызу, жан-жақты талқылаулардың болуынан айқын көрінеді. Ең бастысы, бізге Елбасы жаңа нұсқаны бекітіп берді. Бұл нұсқада 32 әріп бар. Жаңа нұсқа халық арасында қолдау тауып, ең қиын асуды аттап өттік десе де болады. Енді алдымызға қойылған міндеттерді орындай алсақ, онда біздің тәуелсіз еліміз үшін алынбайтын асу, бағындырмайтын белес жоқ деп айтуға болады. Қазақстанның латын графикасын қабылдауы бұл – үлкен жетістіктердің кілті, бізді тек биікке жетелейтін жол. Ол – Қазақстанның, қазақ тілінің, қазақ рухының Мәңгілік Елімен бірге жасауының басты кепілі болмақ», – деді ол.
Сондай-ақ латын қарпіне көшу мәселесі талқыланған дөңгелек үстел барысында аудандық емхананың стат дәрігері, «Шипагер» БПҰ мүшесі Ануар Мұратов хабарлама жасап, өз әріптестері атынан латын қарпіне көшуді қолдайтындарын жеткізді.
Дөңгелек үстелді қорытындылау кезінде аудандық емхананың меңгерушісі Ғалымбек Баймаханов пен жедел-жәрдем станциясының басшысы Серік Қазыбаев сөз алып, өз ұжымдастарына Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық бейнелей алатын әліпби қажет екенін тағы да атап айтты.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиалының консультанты.
09 қаңтар 2018 ж. 1 684 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930