Бұрқасын, көктайғақ пен жел: бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.comҚазгидромет Қазақстанда 8 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Синоптиктердің болжауынша, Қарағанды облысының солтүстігінде қар жауады, көктайғақ болып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде де жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 8 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 8 қарашада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 8 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жүріп, облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 8 қарашада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шымкент және Түркістан қалаларында 8 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 8 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Таразда 8 қарашада түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданындағы екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, бұрқасын жүреді. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 8 қарашада түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 8 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 8 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, бұрқасын жүреді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 8 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.












