Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бітістіруші – судья бір күнде 4 істі татуласу рәсімімен аяқтады

Бітістіруші – судья бір күнде 4 істі татуласу рәсімімен аяқтады

Бүгін Қазалы аудандық сотының бітістіруші- судьясы Қ.Т.Мыханов бір күнде медиация тәртібімен – 2 азаматтық және 2 қылмыстық іс бойынша медиативтік келісімдер бекітіп, аяқтады.

Осы күні бітістіруші – судья Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен С.-ға және 293–бабының 1-бөлігімен К.-ға қатысты қылмыстық істерді қарады.

Іс-құжаттарына сәйкес, С. «Ай-ғасыр» мейрамханасының алдында, ешбір-себепсіз бұзақылық ниетпен жәбірленуші Ғ.-ні баспен ұрған. Ал, сотталушы К. Басықара ауылында жәбірленуші Ж.-ның 1 бас баспағын ұрлап, жәбірленушіге 350 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот процестерінде судья істі медиация тәртібінде реттеудің мүмкіндіктері, татуластыру рәсімін жүргізудің тәртібі түсіндірді. Сотталушылар істеген іс-әрекеттеріне өкініп, жәбірленушілерден кешірім сұрап, өз кезегінде жәбірленушілер кешірімді қабыл алып, олар өзара медиация тәртібімен татуласты.

Сонымен бірге бітістіруші–судья «Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ-і бюджеттік несиені өндіруді сұраған 2 азаматтық ісі бойынша тараптарды татуластырды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
07 желтоқсан 2018 ж. 1 641 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 141

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031